Павлодарда діни сауаттылық тақырыбына арналған семинар өтті

 1944
Айгүл Эсеналиева

Тыйым салынған діни ұйымдардың  қатарына торына қалай түспеу керек? Сыни ойлау мен саналы медиатұтыну дағдыларын қалай дамытуға болады? Интернет-ортада экстремистік контенттен қалай сақтана білу қажет? Осы және басқа да сұрақтарға бүгін павлодарлықтарға Нұр-Сұлтан қаласынан шақырылған сарапшылар жауап берді.

Павлодарда "Зайырлылық-қазақстандық қоғамның рухани дамуының кепілі" тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараны облыс ақпарат және қоғамдық даму басқармасының  Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесу дін саласындағы ғалымдар мен сарапшылардың біртұтас болашақ ұлт тұғырнамасын нығайтудағы жаңа инновациялық тәсілдерді қалыптастыру, зайырлылық, конфессияаралық толеранттылық қағидаттарын жүзеге асыру, халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Семинарға облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, дін өкілдері қатысты.

«Мәшһүр Жүсіп» атындағы  орталық мешіттің имамы Жолдас қажы Қоспақұлы іс-шарада сөйлеген кіріспе сөзінде дәстүрлі діндер ешқашан зайырлы заңдардың іске асуына кедергі келтірмейтіндігін баса айтты. «Радикалды ағымдардың жолын қуушылар   зайырлы мемлекетті «кәпірлік» мемлекет деп есептейді. Бұл -  үлкен адасушылық. Өйткені Құранда былай деп айтылған: «Дінде мәжбүрлеу жоқ. Сіздердің діндеріңіз өздеріңізде, біздің дініміз өзімізде». Бұл дегеніміз  -  зайырлылық исламға қайшы келмейді. Зайырлы мемлекет болу  -  құдайсыздар мемлекеті  болу емес. Бұл барлық діндердің да-муына  мүмкіндік беретін  толерантты, демократиялық мемлекет. Ал Конституция – әр түрлі конфессиялардың адамдары бір-бірімен татулық пен келісімде өмір сүретін заң»,- деді Жолдас Қоспақұлы.

Нұрсұлтан қаласының дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Александр Антипин "Зайырлылықтың қазақстандық үлгісі  Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық келісім негіздерінің бірі ретінде" тақырыбында баяндама жасады.

Дәріс барысында сарапшы қазақстандық зайырлы саяси бағыттың ерекшеліктері мен заңды негіздерін түсіндірді. Оның елдегі конфессияаралық келісімді қолдаудағы маңыздылығы, сондай-ақ, діни және мемлекеттік секторлардың өзара қарым-қатынасын реттейтін заңнаманы бұзумен байланысты негізгі проблемалық мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, мемлекеттік жалпы білім беру мекемелерінде  діни атрибутиканы кию және т.т. туралы сөз қозғалды.    

Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, сарапшы-талдаушы Ольга Гайко Қазақстан Републикасындағы христиандық конфессиялар туралы айтып берді. Баяндама барысында спикер мемлекеттегі және  Павлодар облысындағы діни ахуалға тоқталып, христиандық діни бірлестіктердің қызметіне баса назар аударды, аталған бірлестіктердің прозелиттік қызметінің ерекшелігі бойынша түсініктеме берді. Сонымен қатар, діни қызмет саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу, әкімшілік сипаттағы ықтимал бұзушылықтардың алдын алу бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Бұл діни әдебиетті, діни ғибадат заттарын тарату, ғибадат ғимараттарынан тыс діни жиналыстарды әкелу, сату, өткізу. "Сондай-ақ, діни ұйымдардың өз қатарына адамдарды тарту үшін қайырымдылықты пайдалануына жол бермеу маңызды. Қандай да бір қауымнан қолдау көрген адам тәуелді жағдайға түсуі мүмкін", - деп түсіндірді Ольга Александровна.

Спикер тыңдаушылардың назарын интернет-ортада экстремистік контентті тарату тақырыбына аударды. "Жастармен, оқушылардың ата - аналарымен, түрлі қызмет саласының өкілдерімен кездесулер өткізу кезінде сыни ойлауды және саналы медиатұтынуды дамыту әдістері туралы көбірек айту керек, фактчекинг әдістерін онлайн және офлайн ортада кеңінен насихаттау керек", - деп атап өтті ол.

Семинар барысында сындарлы пікір алмасу өтті, нәтижесінде кездесуге қатысушыларға діни қызмет саласында халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар берілді.