Павлодарда халықааралық теологиялық семинар өтті

 1147

Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы дін өкілдері үшін «Деструктивті діни ағымдардың  жолын  қуушыларды оңалтудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықааралық теологиялық семинар ұйымдастырды.

Спикерлер ретінде деструктивті діни ағымдардың жолын қуушыларды дерадикализациялау мәселелері бойынша жетекші теологтар, практиктер, сарапшылар шақырылды.

Атап айтқанда, ZOOM онлайн-платформасында Қазақстанның танымал теологтары, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: ҚМДБ теологиялық оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшымбаев (Нұр-Сұлтан қ.) және «Екібастұз»  қалалық мешітінің бас имамы, сарапшы-теолог Бауыржан Отарбаев сөз сөйледі. Сауд Арабиясының Медина қаласынан Медина Ислам университетінің түлегі Дмитрий Терновой дәріс оқыды.

Семинар барысында теологтар мен сарапшылар діни негізде қылмыс жасаған адамдарды дерадикализациялаудың маңызды мәселелерін талқылады. Сарапшылар мынадай сұрақтарға жауап берді: Қазақстанда қалыпты салафизм тұжырымдамасы қаншалықты шынайы? Салафиттерді қалыпты және радикалды деп бөлу дұрыс па? Қазір салафиттік уағыздаушылардың қайсысын қазақстандық салафиттер тыңдауда? Жасыратыны жоқ, олардың көпшілігі қазірдің өзінде қылмыстық жауапкершілікке тартылды, бірақ кейбір жастар олардың  қауіпті лецияларын тыңдауды жалғастыруда.

Деструктивті діни ағымдардың жолын қуушыларды оңалтумен айналысатын имамдар мен теологтар спикерлерге көптеген сұрақтар қойып, толық жауаптар алды.

Семинардың модераторы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы, «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Жолдас қажы Бердімұратов болды.

Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Зәкәриянов тыңдаушыларды ҚР Дін саласындағы заңнамасының жаңалықтарымен таныстырды.

«Бүгінгі халықаралық теологиялық семинар имамдардың, теологтардың біліктілігін арттыруда өте пайдалы. Өйткені ғылым мен практика бір орында тұрмайды, сондықтан білім алу табысты кәсіби қызмет факторларының бірі болып табылады», - дейді КҚТДО басшысы Гүлназ Раздықова.

Семинарға тек теологтар мен сарапшылар ғана емес, сонымен қатар ҚАЖК жүйесінің теологиялық қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ Павлодар облысының терроризмге қарсы комиссиясының қызметкерлері қатысты.