Павлодарлықтардың назарына. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға қатысты

 952

Соңғы уақытта діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзушылық фактілері, атап айтқанда діни әдебиетті белгіленбеген орындарда тарату тіркелді. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 9-бабы 2-тармағына сәйкес, діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

Павлодар облысының аумағында бүгінгі күні діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық 36 үй-жай бар. Оның ішінде, 25 үй-жай Павлодар қаласында, 6 – Екібастұз қаласында, 4 – Ақсу қаласында және 1-уі Железин ауылында орналасқан.

Діни мазмұндағы материалдары бар кітап, брошюра, буклет, аудио және видеокассеталарды қоғамдық орындарда, көшеде, подъезде, білім беру мекемелерінде және т.б. жерлерде, яғни ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан), рухани (діни) білім беру ұйымдары, сонымен қоса арнайы белгіленген стационарлық үй-жайлардан тыс жерлерде тарату немесе сату заңды бұзушылық болып саналады.

Заңнама нормаларын білмегендіктен, а.ж. басында діни мазмұндағы кітапты интернет-хабарлама беру арқылы заңсыз сату әрекеті үшін Павлодар қ. тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 1-бөлімі, 490-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Павлодар қ. әкімшілік сотының шешімімен 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Павлодар облысы дін істері басқармасы облыс тұрғындарының назарын діни қызмет туралы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеуге, сонымен қоса азаматтар үшін жағымсыз салдардың алдын алу мақсатында заңнаманы сақтау қажеттілігіне аударады.

Павлодар облысы дін істері басқармасы