Павлодарлықтарға экстремизмнің алдын алу бойынша лекциялар оқылды

 1486

Павлодарда  дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Айнұр Әбдірасылқызымен және Индира Беркімбаевамен кездесу өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы  - Павлодар облысының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы.

Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  дінтану кафедрасының доценті,филология ғылымдарының  кандидаты, халықаралық  коуч-тренер (ICU)  Айнұр Әбдірасылқызы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне лекция оқыды, сондай-ақ  «Мәшһүр Жүсіп», «Ақ мешіт», «Омар Фарух» мешіттерінің әйелдер жамағаттарымен кездесті.

Кездесулер барысында лектор қоғамдағы діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу, қазақтардың дәстүрлі  дінін сақтаудың маңыз-дылығы,  деструктивтік ағымдардың айырмашылық ерекшеліктері, олардың жастар санасына әкелетін зияндары туралы  әңгімеледі. Айнұр Әбді-расылқызының пікірінше, патриотизм сезімі, халықтың рухани  құнды-лықтарына құрметпен қарау жас адамдарды әр түрлі деструктивтік ағым-дардың және культтердің ықпалынан  қорғайды.   

«Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығының  басшысы   Ин-дира Беркімбаева қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту  және белгілі тұрғылықты мекені жоқ  балалары бар әйелдерді бейімдеу орталығының әйелдерімен кездесті. Сарапшы әйелдерге  деструктивтік ұйымдардың қауіп-тілігі, олардың қатарына тартылудан қорғану әдістері, радикалдық идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру туралы айтты. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының жоғары білікті сарапшылары Айнұр Әбдірасылқызы және Индира Беркімбаева «Халық радиосының» тікелей эфирінде сөз сөйлеп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ  дәстүрлі жамағаттың және деструктивтік діни ағымдардың жолын қуушылардың сұрақтарына жауап берді.