Полиция қызметкерлеріне деструктивті ағымдардың зияны туралы айтылды

 2014

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АП-162/1 мекемесінде тергеу изоляторы қызметкерлерінің  Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Раздықовамен кездесуі өтті.

Арнайы дайындық шеңберінде мекеме бастығының орынбасары Ербол Шәріповтың басшылығымен деструктивті діни ағымдардың шынайы мәнін ашатын бейнесюжеттер көрсетіліп, сабақ  өткізілді.  Іс – шара ой-өрісті кеңейту,қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін  деструктивті діни ұйымдарға тартудың алдын алу мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында Гүлназ Раздыкова діни экстремистік ағымдардың зияны, дінмен бүркемеленген азғырушылардың шынайы ниеттері туралы айтып берді.

Деструктивтік  ағымдардың идеологтары  бұрынғы бандиттермен салыстырғанда,  өз адептілерінің алдында  материалдық құндылықтарға қол жеткізу мақсатын қоймайды,  адам санасының қалтарыстарына  терең бойлай түседі. Олар қатарларына тартыл-ғандарды  бүкіл әлемдегі мұсылмандық басқару нысанын орнату арқылы  зайырлы нысаны бар билікті саяси, күшпен құлату арқылы Жаратушыға ризалыққа қол жеткізуге бағдарлайды.

Мұндай идеяның ізбасарлары үшін мұндай ұстанымдар адамдарды қазіргі қоғам үшін құқыққа қарсы әрекеттер жасау мүмкіндігімен ғана емес, сонымен қатар діни сауатсыз жастарды осы деструктивті діни ағымдарға тарту тәуекелімен де қауіпті етеді, бұл тек бір немесе бірнеше елдің ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы болып табылады.

«Экстремизмге және  терроризмге байланысты қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан барлық адамдар салафизм деструктивті ағымының өкілдері болып табылады. Сыртынан өте діндар  адамдар болып көрінуге тырысқанымен, Қазақстандық салафиттердің арасында қылмыскерлер өте көп , - дейді Гүлназ Мақсұтқызы.

Сарапшымен кездесу ұйымдастырушылардың айтуынша,  қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі  жұмыстың  ерекшелігі -   халықаралық террористік ұйымдардың қызметіне қатысу үшін елден заңсыз шығуға әрекет жасағаны, оларға тікелей қатысқаны және діни экстремизм үшін жазасын өтеп жатқан қылмыскерлермен тікелей қарым-қатынас жасау. Осы санаттағы күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың ерекшелігі мынада:  олардың кейбіреулері басқаларына психологиялық әсер ету тәсілдерін жақсы меңгерген.

Роликтер мен дәрістерді көргеннен кейін барлық қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Тақырыпты талқылау барысында Гүлназ Раздықова Қазақстан аумағында террористік актілерді өткізуге дайындалып жатқан және жүзеге асырған діни ұяшықтардың радикализациясы, құрылуы, қызметі сияқты өзекті тақырыптарды қозғады, осы актілердің құрбандары туралы статистикалық мәліметтерді келтірді және қазақстандықтардың  әскери іс-қимыл аймақтарынан қайтып келуі бойынша жүргізілген  «Жусан»  арнайы операциясы туралы әңгімеледі.  

Кездесу соңында Ербол Шәріпов  экстремистік идеологияны ұстанушыларды радикал-сыздандыруға қосқан зор үлесі, кәсібилігі, танымдық дәрістері үшін қонаққа алғысын білдіріп, діни-экстремистік ортадағы қылмыскерлермен тікелей жұмыс істейтін жеке құраммен осындай сабақтардың маңыздылығын атап өтті.