Прокуратура қызметкерлеріне арналған профилактикалық семинар

 1019

2017 жылғы 20 шілдеде бас сарапшы-теолог Бердімұратов Ж.Қ. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының қызметкерлері үшін «Дәстүрлі және радикалдық діни танымдардың арасындағы айырмашылық» тақырыбына семинар өткізді.

Бердімұратов Ж.Қ. жалған діни ұйымдардың қоғам санасына деструктивті ықпалының проблемаларына және дәстүрлі және дәстүрлі емес исламның мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ Жолдас Қоспақұлы дәстүрлі емес діни ағымдарының өкілдері өз қатарларына жастарды тарту кезінде қандай әдістерді қолданатыны жайында әңгімеледі. Тыңдаушыларға «джихад», «бидагат», «кафир» және басқа терминдердің мазмұнын, діни ілімдердің негізгі қағидаттарын, мазхабтардан негізгі айырмашылығын, сектаның торына қадай түсіп қалмау керектігін, діни символдар және хиджаб кию туралы түсіндірді.

Теолог толеранттылық сезімін тәрбиелеу, діни антирадикалдық иммунитетті дарыту және қоршаған ортаның шындығына сын көзімен қарау рухани жетілуге, қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Экстремизмнің және терроризмнің туындауы мен талауының себептеріне жан-жақты тоқталды.