Психологтарға арналған республикалық онлайн-семинар өтті
Деструктивті діни ағымдардың жолын қуушыларды оңалтумен айналысатын психологтар мен теологтарға арналған «Дәстүрлі емес діни ағымдардың жолын қуушыларға тиімді психологиялық кеңес беру» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушылары мен модераторы Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Рыздықова және Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Руслан Саматаев.
Семинардың мақсаты - деструктивті діни ағымдардың жолын қушыларды оңалту және бейімдеуге тартылған мамандардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыру. Жаппай онлайн-іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 40-қа жуық адам қатысты. Бұл өңірлік оңалту орталықтарының мамандары: психологтар, теологтар және деструктивті радикалды діни ағымдардың неофиттерін оңалтуға тартылған өзге де мамандар.
Павлодар облысының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Рыздыкованың айтуынша, Қазақстанда бұрын өткізілген оқыту семинарлары негізінен теологтарды дайындауға бағытталған. «Біздің бастамамыз бойынша біз жергілікті жерлерде психолог мамандар үшін ZOOM конференцияларын өткізуді шештік. Олар деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды психологиялық оңалтумен айналысатын мамандар», - дейді Гүлназ Мақсұтқызы.
Кездесу барысында топтық тәуелділік, агрессивтілік концепцияларын анықтау, деструктивті табынушылардың санасын бақылау, психологиялық кеңес берудің тиімді әдістері мен техникаларына оқыту мәселелері қаралды. Бұдан басқа, дәстүрлі емес діни ағымдар идеологияларын ұстанушылармен жұмыстағы оңалту бағдарламаларының әдістемесі мен мазмұны бойынша ұсыныстар дайындау және тәжірибе алмасу болды.
Әр түрлі ағымдардың жолын қуушыларды, әскери іс-қимыл аймағынан қайтарылған адамдарды оңалтудың өзекті мәселелері бойынша Қарағанды қаласы Конфессияаралық қарым-қатынас мәселелерін зерттеу және талдау орталығының психологы Сәуле Мұқан, Жезқазған қаласының «Ұлағат» орталығының психологы Сейтжанова, Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің теологы Ажар Сыздықова, Шығыс Қазақстан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының психологы Ақбота Сапарова, Ақтөбе облысы «Аңсар» ақпараттық-оңалту орталығының психологы Эльмира Әділханова, Атырау қаласы «Шапағат» орталығының психологтары Салтанат Нұрбекова және Гүлвира Кубышева, Жамбыл облысы ДПЗО психологы Альмира Бауыржан. баяндама жасады.
Кездесу соңында қатысушылар әріптестеріне мазмұнды кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.
«Пандемия кезінде бүкіл әлем өз үйлерінде оқшауланып, адамдар толығымен әлеуметтік желілердің әсеріне душар болған кезде діни экстремизм тақырыбы әрдайым өзекті болып табылады. Ұйымдастырушылардың арқасында біз осы аяда жұмыс істейтін мамандар осы саладағы мәселелерді талқылап, өз тәжірибемізбен республикалық деңгейде бөлісе аламыз»»",-деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің теологы Ажар Сыздықова.