Республикалық ақпараттық –түсіндіру тобы Павлдодар облысында
2016 жылғы 25-26 тамызда Павлодар облысында құрамында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі комитетінің Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының орынбасары Ж.А. Дәуренбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі комитетінің христиандықты және Қазақстанға үшін дәстүрлі емес діндерді зерттеу бөлімінің басшысы Г.Н. Новикова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің Талдау және өңірлік жұмысты үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Б.Р. Шериязданов, Алматы қ. «Білім» ҚБ директоры Р.С. Ержанов, Астана қ. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы М. Қайыргелдиев енгізілген республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) жұмыс жасауда.
2016 жылғы 25 тамызда «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-да РАТТ тобының мүшелері еңбек ұжымымен дін мәселелері бойынша кездесу өткізді. Тыңдаушылар алдында Б.Р. Шериязданов, Р.С. Ержанов және КҚТДО директоры Г. М. Раздықова сөз сөйледі. Ол қазіргі заманғы терроризмнің және экстремизмнің өзекті проблемалары, жалдау тәсілдері жөнінде әңгімелеп, жастар арасында интернет арқылы жалдаудың қауіптілігіне назар аударды.
Кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың кең топтары арасында мемлекеттік конфессиялық саясатты түсіндіру және азаматтарға, бірінші кезекте, жастарға антирадикалдық иммунитетті дарыту.
Кездесулерде діни экстремизмнің және терроризмнің идеяларына түсіндірулер берілді.