Сарапшы: Халықаралық қауымдастық үшін «Жусан» тәжірибесі қажет

 1706

Өткен аптадағы трендтердің бірі Қауіпсіздік бойынша Мюнхенконференциясы және «Шетелдік лаңкестікпен  күресушілер— ағымдағы міндеттерді шешу» тақырыбы бойынша Венада өткен халықаралық семинар болды.

Екі іс-шараға да қазақстандық саясаткерлер мен сарапшылар қатысты, олар Қазақстанның терроризмге қарсы іс-қимылдағы үлесі туралы презентациялар жасады, сондай-ақ халықаралық жұртшылықты Сирия мен Ирактағы «Жусан» және «Русафа» азаматтарын репатриациялау жөніндегі операцияның қорытындылары туралы хабардар етті.

Халықаралық семинарға қатысушылардың бірі Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының жетекшісі Гүлназ Раздықова болды.

- 2020 жылғы 6 ақпанда ҰҚК басшысының орынбасары Нұрғали Білісбеков Парламентте сөйлеген сөзінде «Жусан» операциясы кезең-дерінің тоқтатылғаны туралы мәлімдеді.Сіз «Жусан» операциясының кезеңдерін аяқтау туралы осындай мәлімдеменің себебі не деп ойлайсыз. Барлық қазақстандықтар,оның ішінде балалар әскери іс-қимылдар аумағынан әкетілді ме?

- Ерте ме, кеш пе, мұндай мәлімдеме айтылуы тиіс еді. Ақпарат жинақтау жалғастырылатынын түсіну қажет,алайда бұл операция мәжбүрлемей,қазақстандықтарды өз еркімен әкетуді білдіреді.Бұған күрд құрамаларына немесе сириялық еркін әскер көтерілісшілеріне тұтқынға түскен  қазақстандық ер адамдар қосылмайды. «Жусан» операциясы адам құқықтары бойынша халықаралық талаптарды сақтау аясында жүзеге асырылды, яғни біз адамның еркіне қарсы оны елге әкеле алмаймыз. Мен тек өз субъективті пікірімді айта аламын, неге олар қайтып оралудан бастартады? Ең алдымен, осы әйелдер әлі күнге дейін радикалды дүниетанымда қалып отырғанын  айту керек немесе қылмыстық қудалаудан қорқады.

Лаңкестікке қарсы орталықтың хабарлауынша, «Жусан» операциясы аясында қайтып келген 33 ер адам қазір сот шешімі бойынша сотталды. 2 ер адамға қатысты тағы да сот талқылауы жүріп жатыр,12 әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Менің ойымша, біздің азаматтарымызды Сирия мен Ирактанқайтарубойыншатағы бір гуманитарлық операциялар  өткізілуі мүмкін, өйткені, іздестіру, анықтау және азаматтарымыздың Отанына қайтарылуына ықтимал болатын жұмыстар жалғасуда. Қайтарылған азаматтардың көпшілігі қолжетімді сириялық лагерьлерден әкетілді, ал Сирия мен Ирак аумағында орналасқан барлық босқындар лагері бізге қолжетімдіемес. Басқа террористік топтарда жүрген әйелдер бар және олардың тағдыры бізгебелгісіз. Бұладамдарды іздеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Ата-анасы әлі күнге дейін баласының өлі-тірісін біле алмай отырған отбасылар бар және осы сұраққа нақты жауап берумемлекеттік органдардың міндеті болып отыр.

Бізге әлі күнге дейін «Жусан» операциясының кезеңдерін өткізудің барлық егжей-тегжейі белгісіз, жуырда ғана Кувейт Сириядан біздің азаматтарымызды көшіруге қатысқан қазақстандық борттар үшін әуе кеңістігін және әскери базаларды ұсынуға көмектескені белгілі болды және бұл жөнінде Кувейт Премьер-Министрімен кездесу кезінде Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Тоқаев айтты.

- Әскери іс-қимылдар аймағында болатын қазақстандықтардың саны туралы деректер бар ма?

- ҰҚК ақпараты бойынша, қақтығыс аймағында Қазақстанның 114-к е жуық азаматы бар. Олар негізінен Сириядағы әскерилердің жауапкершілігінде. САР - дан басқа қазақстандық азаматтар Ирак пен Ауғанстандағы әскерилер қатарында соғысуда. Олардың қатарында 36 ер және 80 әйел бар. Өкінішке орай, онда туылған балалар саны бойынша нақты деректер жоқ.

- Сирия мен Ирактағы босқындар арасында біздің кішкентай азаматтарымызды анықтау үшін қандай шаралар қолдануға болады?

- Ресей тарабы қолданатын әдістердің бірі-ресейліктермен туыстық байланыстарды анықтау үшін ДНК талдауы болып табылады.

Мысалы, РФ-дағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Анна Кузнецованың мәлімдеуінше, Ресей тарапы Сирия билігіне бақылаусыз  «Рож» лагеріне алғаш рет барып, тағы 21 баладан ресейліктермен туыстық байланысты анықтау үшін ДНК ала алды, сондай-ақ «Аль-Холь» лагерінің 53 баласынан ДНК алды.

Бұл ретте Қазақстан Орталық Азияның басқа елдерімен (Өзбекстан, Тәжікстан) салыстырғанда,әскери іс-қимыл аймақтарынан әйелдер мен балалардың ең көп санын алып шыққанын атап өту қажет.  Біздің еліміз Сириядан көшірілген балалармен геномдық сараптама жүргізді. Бүгінгі күні ешқандай теріс нәтиже болған жоқ.

Өзбекстан Қазақстанның табысты үлгісібойынша 2019 жылы Сирия мен Ирактан «Мехр-1» және «Мехр-2» (аудармада –«Мейірім»-«Доброта») 2 гуманитарлық операция жүргізуді ұйымдастырды. Мұндай операцияны Тәжікстан билігі жүргізді, Ирактан республиканың  кәмелетке толмаған 90азаматын көшірді.

Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық алаңдарда, соның ішінде Сириядан оралған әйелдердің қатысуымен «Жусан» операциясының қорытындылары туралы ақпаратпен белсенді бөлісуде. Бұл ең алдымен еуропалық елдердің үкіметтері мен сарапшыларының жоғары қызығушылығымен байланысты, олар үшін қақтығыстар аймағынан өз азаматтарын репатриациялау мәселелері әлі шешілмеген. Бірақ бұл мәселе биылғы жылы барлық лаңкестікке қарсы конференциялардың күн тәртібінде тұратын болады. Ерте ме, кеш пе бұл адамдардың тағдыры шешілуі тиіс...Мұнда мемлекеттің саяси ерік-жігері туралы ғана емес, сонымен қатар барлық тәуекелдер мен қауіптерді есепке алу, адамиресурстарды жұмылдыру, ұйымдастырушылық және қаржылық құрамдар жөніндегі орасан зор талдау жұмысы туралы да мәселе бар.

- ТМД елдерінің тағы қайсысы 2020 жылы Сириядан өз азаматтарын қайтару бойынша операциялар жүргізуді жоспарлап отыр?

- Өкінішке орай, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан басқа, бұл қадамға Кавказ республикаларының билігі  бара алмай отыр. Қырғызстанның күш құрылымдары Сириядан өз азаматтарын репатриациялау мәселесін зерттеу туралы бірнеше рет мәлімдеген. 2019 жылдың ақпан айында Қырғызстан ІІМ басшысы Сириядағы ұрыс қимылдарында 122 азамат қаза болғанын және бұл елге 400-ге жуық азамат, оның ішінде 50 әйел кеткенін хабарлады.

Маған Ресей тарапының тәжірибесі, әсіресе, ата-анасы қайтыс болған немесе жоғалған ресейлік балаларды іздеу және қайтару жұмысы ұнайды. 2020 жылдың 7 ақпанында Ресей тарапы «Аль-Холь» лагерінен 35 баланы әкетіп, тағы 73 баланы шығаруды жоспарланып отыр.

Ресей Федерациясының Бала құқықтары жөніндегі уәкілінің ресми сайтының хабарлауынша, 2018 жылдың желтоқсанынан бастап Ирактан 122 бала, Сириядан – 8 бала қайтарылды.

Орталық Азия мен Ресей елдері өз тәуекелі мен жауапкершілігіне сүйене отырып, алғашқылардың бірі болып өз азаматтарын әскери қақтығыстар аймақтарынан қайтаруды ұйымдастырғанын атап өткен жөн.

Тек мемлекет пен Социум тарапынан жасалған қамқорлық пен тынымсыз жұмыс ғана экстремистік идеялардың мүшелеріне біздің қоғамда тезірек бейімделуге және Сирияда өмір сүрген барлық қасіретті оқиғаларды ұмытуға мүмкіндік береді. Біз ИГИЛ лаңкестерінің жаңа буынын өсірмеу үшін балалардың тағдыры үшін жауапкершілікті өзімізге алуымыз керек.

Жалғасы бар