«Зайырлылық және дін»
Зайырлылық және дін ұғымы деген не? Екі ұғымның қандай байланыстары мен айырмашылықтары бар? Зайырлылық кең ұғымда қолданылатын сөз. Дінге байланысты ол –адамға сенімін таңдауға еркіндік беру, ал дін дегеніміз –ол сенім. Екі ұғым да дінге байланысты екенін байқадық. Бірі сенімнің ұстанушысы болуға мүмкіндік берсе, екінші ұғым адамның еркіне қандай діннің ұстанушысы болатынына таңдау берген. Мемлекет діннен бөлек болғанда адамның сенімді ұстанып-ұстанбауы өз еркіне қалады. Демек зайырлы қоғам деген ұғым пайда болады. Зайырлы қоғам адам баласының сеніме қарамай бір отанның ішінде бірігуге мүмкіндік береді.
Ата Заңымызда біздің зайырлы мемлекет екеніміз айтылады. Демек біздің мемлекет арнайы дінді бекітпеген және мемлекетті бір діннің жүйесінде басқармайды. Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлек болғанымен тұрмыс-тіршілікте алдыңғы орын алады. Адамның белгілі бір дінді ұстануы сол тобырдың көп болуына әсер етеді. Белгілі мемлекеттер бар тек бір дінді ғана мемлекеттік дін ретінде енгізіп қойған. Адамдар қаласын-қаламасын сол діннің ұстанушысы болады. Бұл дегеніміз адамды таңдау еркінен айыру. Адам өзінің қай сенімде болатынын өзі таңдағаны дұрыс. Таңдалған сенімінің ғибадаттарын ықыласпен, сүйсіне орындайтын болады. Зайырлы қоғамның бірден бір артықшылығы адамға таңдау еркін бергендігінде. Адам сенімін саналы түрде таңдап, саналы түрде әрекет ете бастайды.
Жер бетінде адамдардың санына байланысты түрлі сенімдер бар. Әрбір сенімнің ішінде өзіндік орындайтын құлшылық-ғибадаттары болады. Сеніміне байланысты ғибадаттарын атқаруға ешкім кедергі бола алмайды. Себебі зайырлы қоғам адам баласының қандай сенім ұстанғанына байланысты баға бермейді. Зайырлы қоғамда адамдар еркіндікті қолданады. Зайырлы мемлекеттердің артықшылығы бір-біріне адамшылық жағынан теңдесіп, дініне қарамай бір қоғамда өмір сүру.