Жастар арасында деструктивті және радикалды діни идеялардың таралуының алдын алу бойынша тақырыбына өткізілетін «дөңгелек үстелдің» Резолюциясы

 1670

Біз, «Жастарды деструктивті діни ықпалдан қорғау – біздің ортақ міндетіміз» тақырыбына 2017 жылғы 14 маусымда Павлодар қаласында өткізілген дөңгелек үстелге қатысушылар, отырыста талқыланған мәселелердің уақтылы және аса қажеттілігін атап көрсетеміз.

Діни экстремизм көріністерінің алдын алу жұмысын жетілдіру және терроризм қауіптерін ескерту мақсатында:

1. Бұдан кейінгі тиімді жұмыс үшін жастардың діни ұйымдарға тартылуын төмендетуге бағытталған шаралар жүйесін ұйымдастыруды ұсынамыз. Шаралар жүйесі мектеп оқушыларының, колледж және ЖОО студенттерінің, жұмысшы және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау, оларды оңалтудан тұрады;

2. Дін саласындағы тұрақтылықты нығайту және діни антирадикалдық иммунитетті қамтамасыз етуді ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру, жастарды жалған діни табынулардың және діни экстремизм идеяларының ықпалынан қорғау;

3. Қазақстан халқы үшін дәстүрлі болып саналатын рухани-адамгершілік  құндылықтарды насихаттау және тарату үшін «нүктелі» алдын алу іс-шаралар өткізу;

4. Азаматтық қоғам институттарын жастардың барлық санаттары арасында діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу жұмыстарына тарту қажет деп есептейміз.

Дөңгелек үстелдің резолюциясында ұсынылып отырған ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін жер-жерлерде арттыру жөніндегі шаралар жастар арасында деструктивті мінез-құлықтың алдын алуда азаматтық қоғамның рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.