Жастардың рухани қауіпсіздігіне арналған онлайн-семинар өтті

 1299

Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Қазақстан Республикасының рухани қауіпсіздігі-ұлттық қауіпсіздіктің негізі» тақырыбында оқыту онлайн-семинарын ұйымдастырды.

Іс-шараға облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, діни қауымдастықтың өкілдері қатысты. Барлығы  70-тен астам адам.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинар жергілікті жерлерде дін мәселелері бойынша АТТ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру мақсатында өткізіледі.

Спикерлер ретінде  республикалық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, Қазақстан Республикасының беделді психологтары  мен теологтары сөз сөйледі.

Семинар барысында Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Зәкәриянов Қазақстанда деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралу шарттары мен факторлары туралы баяндама жасады.

Сарапшы-психолог, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Лола Шакимова Интернет және әлеуметтік желілер арқылы адепттерді тарту және қарсы әрекет әдістері туралы айтып берді.

Павлодар облысы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының сарапшы-теологы Жолдас қажы Бердымұратов «Дұрыс ақида - Исламның негізі» тақырыбында баяндама жасады.

Теолог, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Рауан Шыңғожанов «Қоғамдағы рухани тұрақтылықтың рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Сарапшы-талдаушы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ольга Гайко Қазақстандағы діни ахуал және әлеуметтік желілердің қауіп-қатерлері  туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Онлайн-семинар модераторы- Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Зәкәрияновтың айтуынша, бүгінгі таңда экстремизмнің және  терроризмнің идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың ерекше құралдарымен қаруланып, тұрғындардың белгілі бір топтарының сана-сезіміне деструктивті әсер етеді. Зайырлылық заңдарын үзілді-кесілді қабылдамайтын жат ағым өкілдерінің   агрессия және радикализм байқатуы аса қауіпті бола түсуде.  Аталған барлық үрдістер Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін бұзуы мүмкін. 

«Осы орайда, жастар ортасы ең үлкен әлеуметтік белсенділікпен ерекшеленетін, идеологиялық әсерге тән ерекше қабылдағыштығымен қоғамның ерекше тобы ретінде деструктивті діни насихат үшін қолайлы нысанаға айналады.  Жергілікті жерлердегі ақпараттық-түсіндіру топтарының (АТТ) мүшелері түрлі конфессиялар өкілдері арасындағы конфессияаралық келісім мен діни төзімділікті насихаттаушы және белсенді идеологтар болып табылады»- деді  Дәулет Қоқанұлы.

АТТ мүшелеріне әдістемелік және өзге де көмек көрсету КҚТДО қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қатысушылардың пікірі бойынша, аталған семинарды ұйымдастыру жергілікті жерлерде АТТ мүшелерінің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Карантин режимі жағдайында онлайн режимінде осындай семинарларды ұйымдастыру үлкен аудиторияны қамтуға және АТТ мүшелерінің біліктілігін арттыру процесін үздіксіз және жалғастырмалы  түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.