Жаңа пікірді жазу

«Дәстүрлі ислам және қазақ халқының тарихы» тақырыбына дөңгелек үстел

 1573

Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері ұлттық құндылықтармен  тығыз байланысты. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып отырған бүгінгі күні болашақ ұрпақты рухани дамытуда маңызды рөл атқаратын қазақ халқының ұлттық бай мұрасын зерттеу мәселесін өзектендіру қажет.

Конфессияаралық қарым-қатынастарда талдау және дамыту орталығы 2017 жылғы 23 қарашада дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатында «Дәстүрлі ислам және қазақ халқының тарихы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Қазіргі күні жастардың деструктивті діни ұйымдарға тартылу мәселесі өте өзекті болып отыр. Олардың қауіптілігі неде? Осы жөнінде орталықтың ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаева егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Деструктивті ұйымдардың басты мақсаты – тұлғаны құрбан етіп, айтқанын мүлтіксіз орындайтын құлға айналдыру. Кез келген адам деструктивті культтер адептілерінің құрбаны болуы мүмкін. Өкінішке орай, олардың көпшілігі – жас қыздар мен жігіттер. Жалдаушылар жастарды өз қатарларына тарту үшін белсенді әрекет жасайды.

Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы өткізіп отырған осы іс-шара жастардың радикалдық діни идеологияларға қарсы иммунитетін қалыптастырады.