Жаңа пікірді жазу

«Жастар экстремизмге қарсы»

 1808

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында а.ж. 12 желтоқсанда Павлодар қаласында Облыс дін істері басқармасы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жастар экстремизмге қарсы» форумы өтті.

Форумның жұмысына облыс дін істері басқармасының басшысы Зәкәриянов Д.Қ., КҚТДО бөлім басшылары Асанбаева З.О. және Абитова А.Р., облыс білім беру басқармасы тәрбие жұмысы және қосымша білім бөлімінің бас маманы Қыдырәлин К.Т., өңір мектептерінің және колледждерінің белсенділері қатысты.

Форумның жұмысы дін саласындағы тұрақтылықты нығайтуға және діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алуға, жастар арасында антирадикалдық иммунитетті дарытуға, сондай-ақ әлеуметтің, әсіресе, жастардың назарын экстремизмнің және терроризмнің проблемаларына аударуға бағытталды.

Форумды Зәкәриянов Д.Қ. ашып, қатысушыларды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтады, сондай-ақ жастарды Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ұйымдастыратын іс-шараларға белсенді қатысуға үндеді.

Абитова А.Р.сөйлеген сөзінде жастар мен дін мәселелері жөніндегі сарапшылардың арасындағы диалогтың, жастардың экстремистік идеологияның таралуына қарсы іс-қимыл жасауда белсенділік танытып, бірігуінің маңыздылығын атап өтті.

Форумда Шарбақты аграрлық-техникалық колледжінің студенті Кристина Буркацкая «Қазақстандағы конфессияаралық келісім» тақырыбына сөз сөйледі. Өзінің баяндамасын ол Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақ жерінде барлық әлемдік діндер өмір сүруде. Сондықтан да бізге төзбеушілік және діни фанатизм сезімдері жат» деген сөздерінен бастап, тәуелсіздік жылдары еліміздің қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық тұрақтылықты сақтаудағы оң тәжірибесі туралы жоғары политехникалық колледждің студенті Перегуда Андрей және ИнЕУ студенттері Сливкина Алена, Ломадзе Владислав баяндады.

«Жастар экстремизмге қарсы» форумы шеңберінде мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері арасында интернет-байланыс арқылы «Тәуелсіздік – біздің тірегіміз, тұрақтылық – мақсатымыз» тақырыбына AIMOB форматында өткен суреттер, бейнероликтер мен демотиваторлар конкурсының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.