Жаңа пікірді жазу
Павлодарда облыстың дінге сенуші жастары арасында шағын футболдан турнир өткізілді
Дінге сенуші жастар арасында шағын футболдан дәстүрлі бесінші турнир өткізіліп отыр. Жарыс Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өткізілді, ойынға 10 команда қатысты. Осы турнирге Павлодар қаласының ғана емес, облыс аудандарынан командалар қатысқандары айтуға тұрарлық.
Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.М. Раздықова құттықтау сөз сөйлеп, дінге сенуші жастарды өңірдің әлеуметтік-мәдени өміріне тарту Орталықтың басты міндеттерінің бірі екендігін, осы турнир жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілетіндігін айтты.
Жарыстың қорытындылары бойынша Успен ауданының командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ақсу қаласының «Муслимин» командасы, үшінші орынды Павлодар қаласының «Аманат» командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімін облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов жүргізді. Барлық жеңімпаздарға кубоктар, грамоталар, сондай-ақ сыйлық сертификаттары табыс етілді.