Жаңа пікірді жазу

Облыстық Мәшһүр жүсіп мешітінде әскери қақтығыстар аймағынан (Сирия) қайтып келген әйелдермен кездесу өткізілді

 1377

Ағымдағы жылғы 13  шілдеде облыстық Мәшһүр Жүсіп атындағы мешітте «Жусан» бағдарламасы шеңберінде әскери  қақтығыстар болып жатқан аймақтардан (Сириядан) оралған павлодарлық әйелдер – Әсеммен және Толғанаймен кездесу өтті.

Әйелдер өздерінің күрделі тағдырлары, радикалдық идеология құрығына түсіп қалуларының себептері, елге қайту қуаныштары туралы баяндады.Кездесуге мемлекеттік органдардың өкілдері, КҚТДО қызметкері Ә.Әбитова, өңірлік БАҚ өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.  Қатысушылар әйелдерге әр түрлі сауалдар қойды, олар жастардың осындай деструктивтік ұйымдарға мүше болудан сақтандыру  мақсатында шынайы жауаптар берді.   Әсем мен Толғанай  жат жерде, соғыстың дәл ортасында  қандай  қиындықтарға душар болғандарын әңгімеледі, қазір олар мемлекеттің қорғауында болғандықтарына қуаныштарын айтты. Бөтен елде өткізген ауыр жылдары туралы баяндай отырып,  отандастарын  олардың қателерін қайталамауға үндеді. Олар өздерінің ойланбай істеген қадамдарына қатты өкінетіндіктерін жасырмады. Онда не күтіп тұрғанын білсек, отанымызды тастап, басқа елге бармас едік деді.

Әскери қақтығыстар болып жатқан аймақтардан оралған барлық әйелдер сияқты Әсеммен  Толғанай Ақтау қаласында оңалтудан өтті. Оларға онда медициналық, психологиялық және  теологиялық көмек көрсетілді.  Қазіргі уақытта осы жұмыс жалғасуда. Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Раздықова Г.М.  «Жусан-4» бағдарламасы шеңберінде Сириядан қайтқан әйелдер мен балаларды Ақтау қаласында оңалту жұмыстарына қатысуда.