Жаңа пікірді жазу

Павлодарлық металлургтерге терроризмге қарсы күрес туралы баяндалды

 2001

«Қазақстан алюминийі» зауытының базасында бейнеконференция режимінде «Антитеррор. Терроризм және діни экстремизм идеологиясын таратуға қарсы іс-қимыл» тақырыбына онлайн-семинар өткізілді.  Іс-шараны Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы мен «Қазақстан алюминийі» АҚ ұйымдастырды.

«Қазақстан алюминийі» зауыты басшылығының арқасында семинарға «Керегетас» әктас кенішінің, «Торғай» және «Қызыл октябрь» боксит кен басқармасының қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында КҚТДО директоры Гүлназ Мақсұтқызы  Раздықова өңірдегі діни ахуал, Павлодар облысының бүгінгі күні сан алуан болып отырған діни палитрасы туралы әңгімелеп берді. Көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі конфессиялар  және тәуелсіздік алғаннан кейін тіркелген жаңа діни бірлестіктер бар. Өкінішке орай, дінді жамылып, қауіпті мақсаттарды көздеген деструктивті діни ағымдар да бас көтеруде.  

«Семинарды өткізу бастамасы зауыт басшылығының идеясы болды. Зауыт басшылығы халықаралық жағдайдың өзгеруі жағдайында кәсіпорын қызметкерлері ұлттық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіретін терроризм туралы көбірек білуі тиіс екендігін түсінеді", - дейді Гүлназ Мақсұтқызы.

Сарапшы дәстүрлі емес діни ағымдар тарапынан деструктивті қызмет фактілері туралы сөз қозғады. Атап айтқанда, Сирияға кеткен адамдардың намаз оқып, мұсылман болғандарын, бірақ шын мәнінде деструктивті  салафизм ықпалына түскендер екендігін  айтты. Сирияның аумағында соғысқа кеткендердің барлығы дерлік салафиттер болып шықты.Сарапшының айтуынша,  бүгінгі күні салафизмнің жолын қуушылар  адамдарды интернет-кеңістіктерде, спорт залдарында, кафелерде және басқа қоғамдық орындарда  өздеріне тартады. Ал радикалдық идеологияға бой алдырған адамның көзін шындыққа  жеткізу өте қиынға соғады. Рухани ауруды емдегеннен, алдын алған дұрыс. «Егер сізді ислам қызықтырса,  жалған исламды уағыздайтын интернеттегі уағыздаушыларды тыңдап қажет емес. Бүгінгі күні елімізде  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сауатты имамдары жеткілікті.  Дінге сенуді бастасаңыз, сіздің рухани ұстазыңыз діни білімі бар мешіттің имамы болуы тиіс» деп баса айтты маман. Сонымен қатар, зауыт жұмысшыларына терроризм қаупі кезінде өзін қалай ұстау керектігі, экстремистік ұйымдардың белгілері, террористің психологиялық портреті туралы айтылды.  «Көптеген деструктивті діндерге  табынушылықтардың артында «ең дұрыс дін» ретінде танытатын, адамдарға айла-шарғы жасайтын саяси күштер тұр. Діни сауаттылық тұрғысынан біздің стратегиялық, өнеркәсіптік өңіріміздің тұрғындары әсіресе жан – жақты сауатты  болуы тиіс», - дейді  Раздықова Г.М.  

Кездесу барысында зауыт жұмысшыларына Аллая аят, Ата жол, түрлі жалған емшілер, биоэнергетиктер, парапсихологтар, экстрасенстар және басқа да «жалған тәуіптер» сияқты жалған діндердің қауіптілігі туралы әңгімеленді.  

Зауыт қызметкерлері интернет - қауіпсіздікке, түрлі қауіпті діндерге қатысты сұрақтар қойып, толық жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу соңында кітапшалар, парақшалар және басқа да материалдар таратылды