Жаңа пікірді жазу

Павлодарда Қабылбек ұстазбен кездесу өтті

 1714

Павлодарда атақты теолог, республикалық ақпараттық –насихаттау тобының  сарапшысы, Қарағанды қалалық  «Әл Машани»  мешітінің имамы  Қабылбек Әліпбайұлымен кездесу өтті.  Іс - шараны ұйымдастырушылар-Конфессия-аралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы және Павлодар облысының   «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті.

Сонымен қатар,  орталық «Мәшһүр Жүсіп», «Ақмешіт»  мешітінің жамағаттарымен, сондай-ақ Ақсу қаласының қалалық мешітінің өкілдерімен кездесулер өткізілді.

«Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті қызметкерлерінің айтуынша, сарапшы тыңдаушылар үшін өте мазмұнды уағыз айтты. «Мешітке келушілер сүйікті ұстазды жылы қарсы алып, біздің жарқын ислам діні туралы көптеген пайдалы ақпарат алды», - деп өз әсерімен бөлісті орталық мешіттің қызметкері Нұрлы Қабеков.  

Ертіс өңіріндегі екі күндік сапары барысында ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы діни себептермен і экстремизм мен терроризм үшін сотталған адамдармен АП-162/3 және АП-162/1  мекемелерінде әңгіме өткізді. Кездесу барысында имам  деструктивтік жалған діни ұйымдардың  қате  қызметіне байланысты сотталғандарға  түсіндірулер берді.