Жаңа пікірді жазу

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша оқыту өтті

 1220

«Қазақстан алюминийі» АҚ зауытының қауіпсіздік қызметі – «Тарлан Секьюрити» ЖШС-нің жүзден астам қызметкері экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша оқудан өтті.

Оқытуды  зауыт  қызметкерлері ортасында  экстремистік идеологияны таратуға байланысты қауіпсіздік қатерлерінің алдын алу, діни және этнос-аралық өзара қарым-қатынастар негізінде ұлтаралық даулардың алдын алу мақсатында Павлодар облысының конфессияаралық қарым- қатынастарды талдау және дамыту орталығы ( КҚТДО)  ұйымдастырды.

Кездесу барысында  КҚТДО бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева өңірдегі діни ахуал, бүгінгі таңда Павлодар облысының діни палитрасы туралы айтып берді. Өңірімізде көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі конфессиялар және тәуелсіздік алғаннан кейін тіркелген жаңа діни бірлестіктер қызмет жасауда. Өкінішке орай, дінді жамылып, адамдарды террористік ұйымдарға итермелейтін деструктивті діни ағымдар да бар. «Негізінен жалған діннің жолыш қуушылар материалдық мақсаттарды, жаңа адепттерді тарту есебінен баюды көздейді. Басты қауіп - олар мемлекеттілікті бұзу, оның байлығын басып алу мақсатында құрылады. Әрине, біздің өңірдің өнеркәсіп нысандары өз қатарларына адептілерді тартушылар үшін қызығу-шылық тудыруы мүмкін", - дейді Зайда Өмірбекқызы.

Сарапшы дәстүрлі емес діни ағымдар тарапынан жасалып отырған деструктивті қызмет фактілері туралы айтып берді. Атап айтқанда, жалған мұсылман болып, намаз оқуды бастаған, бірақ шын мәнінде деструктивті  салафизм ағымының ықпалына түскендер туралы фактілерді мысалға келтірді. Сирияның аумағында соғысқа кеткендердің барлығы салафит болып шықты.

Сарапшының айтуынша,   бүгінгі күні салафизм адептілері адамдарды өз қатарларына интернет-кеңістікте, спрот залдарында, кафелерде және басқа қоғамдық орындарда  тартады. Және радикалды идеологияға  бой ұрған адамның көзін шындыққа жеткізу өте қиын.  Өйткені, рухани ауруды емдеуден гөрі алдын алған оңай.

«Тарлан-Секьюрити» № 9 филиал директорының орынбасары Қайрат Айтжанов әріптестерінің атынан лекторға өңірдің маңызды стратегиялық объектілерінің бірі  - күзет қызметі үшін қажетті өте өзекті және пайдалы ақпарат үшін алғысын білдірді. «Дәріс біз үшін -  ерекше режимдік нысанның қызметкерлері үшін ғана емес, сонымен қатар ұлдары мен қыздарын тәрбие-леп отырған әкелер үшін де маңызды», - деп атап өтті ол.

Қызметкерлер интернет - қауіпсіздікке, түрлі қауіпті діндерге қатысты сұрақтар қойып, толық жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кездесу соңында кітапшалар, парақшалар және басқа да материалдар таратылды.