Жаңа пікірді жазу

Педколледж студенттеріне радикализмнің қауіптілігі туралы айтылды

 1470

Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттерімен кездесті. Колледж жатақханасында ұйымдастырылған кездесуге әр түрлі курстарынан  және топтарынан  студенттер қатысты.  

Павлодар облысы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлімінің басшысы Зайда Асанбаева студенттермен діни тәрбие, антирадикалды иммунитетті қалыптастыру туралы әңгіме өткізді. Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды: «Дәстүр және тәрбие. Дәстүр және  дін, дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер арасындағы айырмашылықтар».                                  

Дәріскердің айтуынша, дәстүрлі қазақ тәрбиесін алған, халықтың рухани-адамгершілік құндылықтары туралы білімі бар жастардың жат ағымдарға тартылу бейімділігі төмен болады.  «Дегенмен де, деструктивті культке кез келген жас адамның тартылуы мүмкін.Сіз белгілі эстрада жұлдызының немесе белгілі спортшының жат ағымның  тұзағына қалай түскендігі туралы жаңалықтар еститін шығарсыз. Сондай-ақ, деструктивті ағымдардың жолын қуушылар жас көркемөнер өкілдерін, зияткер  жігіттер мен қыздарды  өздерінің қауіпті идеологиясын тез тарату үшін олардың әлеуетін пайдаланады. Біздің жастарымыз жат ағымның шынайы ниетін тани біліп,  әрдайым мұқият, сақ  болуға тиіс», - деп атап өтті Зайда Өмірбекқызы. Студенттер дәріскерге алғыстарын білдіріп, осындай кездесулерді жиі өткізу жөнінде тілек айтты.