Жаңа пікірді жазу

Кибер-кеңістіктегі жастардың ақпараттық және рухани қауіпсіздігі

 1000

29 сәуір күні М.Катаев атындағы  Оқушылар сарайында  Павлодар қаласындағы жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушілеріне арналған  «Кибер-кеңістіктегі жастардың ақпараттық және рухани қауіпсіздігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Спикерлер ретінде Орталықтың басшысы Г. Раздықова және діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің басшысы Ә.Әбитова сөз сөйледі.

Спикерлер әлеуметтік желілер арқылы жастардың экстремистік діни ағымдардың ықпалына түсу қаупі туралы айтты.

Педагогтарға интернет-кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді, психологиялық тренингтер өткізілді. Іс-шара балалардың экстремистер желісіне кіру себептерін белсенді талқылаумен өтті, қатысушылар оқушыларға антирадикалды иммунитетті үйрету бойынша теориялық және практикалық дағдыларды  үйренді.

№ 14 мектеп директорының орынбасары Г. Киргеева осы бағыттағы бірлескен жұмыс жалғасуы тиіс екенін атап өтіп, спикерлерге алынған ақпараттың өзектілігі мен пайдалылығы үшін алғыс білдірді.