Жаңа пікірді жазу
ІІЖБ офицерлерімен кездесу
Радикалдық діни қауымдастықтардың пайда болуын, дәстүрлі емес діндер қызметтері алаңының кеңеюін, шетелдік миссионерлік қозғалыс ықпалының артуын және сектанттық ұйымдар базасының, әсіресе жастар есебінен, артуын Қазақстандағы қазіргі діни ахуалдың неғұрлым өзекті үрдістері деп қарау қажет.
Әсіресе қазақстандық жастар арасында секталар мен культтердің ықпалының артқанын баса атаған жөн. Бұның қауіптілігі мынада: өмірдің рухани саласы жастар үшін әлеуметтік мінез-құлықты, қарым-қатынас асау псизологиясын, өмірге көзқарас философиясын рететйтін құндылық бағдары болып табылады.
2017 жылғы 27 маусымда Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Г.М. Раздықова ҚР ІІМ жоғары офицерлік құрамымен профилактикалық кездесу өткізді.
Офицерлерге жалған діни ұйымдардың деструктивті ықпалының қоғам санасына теріс ықпалы жөнінде айтылды. Кездесуде дәстүрлі және дәстүрлі емес ислам мәселелері қарастырылды. ҚР дін заңнамасы базасын түсіндіруге басты назар аударылды. Кездесу барысында қатысушыларға фильмдер көрсетіліп, әдістемелік әдебиет таратылды.