Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Ертіс өңіріне келді

 1635

Экстремистік және террористік ұйымдардың торына қалай түспеу керек? Неге қоғамда зайырлылық пен төзімділік принциптерін сақтау маңызды. Осы және басқа да сұрақтарға павлодарлықтарға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшылары жауап берді.

ҚР БҒМ Дінтану сараптамасы орталығы директорының орынбасары Бауыржан Шериязданов және теолог, Қарағанды облысы Теміртау қаласы қалалық мешітінің имамы Елдос Жұмаділда бүгін электронды және коммуникация жоғары колледжінің қабырғасында оқитын жастармен кездесті. Іс-шара барысында жоғары білікті мамандар «Жастарды деструктивті діндерге тартудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.

Бауыржан Шериязданов . Б. Ахметов  атындағы педагогикалық жоғары колледж студенттерімен кездесіп,» Интернеттегі жастарға арналған ақпараттық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.

Сарапшының айтуынша, жастар көбіне сауаттылықтың жоқтығынан, ақпараттың жетіспеушілігінен деструктивті діни ағымдардық ықпалына түседі. «Бүгінгі таңда әлеуметтік желілердегі алдын алу жұмыстарына көбірек көңіл бөлу керек, себебі дәл сол жерде  адамдар көбіне радикалды идеология ықпалында кетеді» , - дейді Бауыржан Рақымғалиұлы. 

Осы күні ҚР БжҒМ Дінтану сараптамасы орталығы директорының орынбасары Бауыржан Шериязданов пен Павлодар облысының конфессия-аралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Раздықова Ақсу қаласының жастарымен әңгіме өткізіп, онда лекторлар дес-труктивті діни ұйымдардың қауіптілігін, сондай-ақ олардың ықпалынан қор-ғау тәсілдерін түсіндірді.