«Терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл және антитерористік насихаттың әдістері»
2017 жылғы 21 ақпанда ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. Павлодар түсті металлургия колледжінің студенттері үшін «Терроризм идеологиясына қарсы іс-қимыл және антитерористік насихаттың әдістері» тақырыбына семинар өткізіп, сөз сөйледі.
Колледждің қоғамтану пәндерінің оқытушысы Волкова И.Г. діни экстремизм тақырыбы Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өзекті болып отырғандығын атап айтты. Профилактикалық іс-шаралар өте маңызды, өйткені біздің жастарымыз осы ретте өте әлжуаз болып отыр. 1-курс студенті Ахметова Эльвира лекторларға осы тақырып бойынша кең мағлұмат берілген ақпарат үшін алғысын білдірді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында экстремизм дегеніміз: жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды: дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбы-лықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы. Бұл орайда қазақстандық заң шығарушы діни, саяси және ұлтттық экстремизм түсініктерін айқындайды.