Гүлназ Раздықова: «Жергілікті діни бірлестіктердің басшылары еліміздің діни заңнамасындағы барлық өзгерістерді толық қолдайды»

 2560
Ерлан Жусупов, carmo-pvl.kz

Павлодар қаласы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Мақсұтқызы Раздықованың сұхбаты.

Сәлеметсіз бе, Гүлназ Мақсұтқызы! Қазір қазақстандық қоғамда «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамалық актісінің жобасы талқылануда. Бұл тақырып Қазақстандағы дінге байланысты жеке жағымсыз фактілерге байланысты өте өзекті. Дін туралы заңнамада кейбір олқылықтар бар. Дәрігерлер ата-анасының діни көзқарастарына байланысты балаға жедел көмек көрсете алмауын немесе балалардың мектептердегі сабақтарға қатыса алмай отырған фактілерді еске түсірейік …

Сонымен, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі ұсынып отырған қолданыстағы заңнамаға түзетулер мен толықтырулар енгізу нені көздейді, олар біздің қоғамда дінге байланысты орын алып отырған жағымсыз оқиғаларды болдырмауға көмек бере ала ма?

- Әлемдік тәжірибе «діни жарықшалар» қоғамда болуы әбден мүмкін екендігін көрсетеді. Кез келген сипаттағы дау туындап отырған ел қарқынды дамымайды немесе тиімді экономиканы құра алмайды. Қазақстанда 18 түрлі конфессияның қауымдастықтары бар, олардың арасында өзара түсіністік пен диалог орнатылған. Сондықтан да біздің міндетіміз - ұрпақтарымызға татулық пен тыныштықты сақтап, мұра етіп қалдыру.

Мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы – негізгі идеологиялық құжат, ол мемлекеттік зайырлылық негізін нығайтуға, дін саласында тыныштықты сақтауға және қоғамның радикалдануына жол бермеуге бағытталған.

Өкінішке орай, соңғы жылдары біз азаматтарымыздың деструктивті діни мінез-құлқын жиі байқап жүрміз. Бұл вакцинациядан, әскери қызметтен бас тарту, әлеуметтік желілерде радикалдық идеологияны насихаттау, джихадқа кету және т.б. Әрине, біз осы фактілерге көз жұмып, қол қусырып отыра алмаймыз. Сондықтан дін істері және азаматтық қоғам министрлігі республиканың заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізу туралы бастама көтеріп отыр. Атап өткен жөн, бұл уақтылы, толғандыратын және өздерін ақтайтын мәселелер. Мемлекет осылайша дін саласында тұрақтылықты сақтау жөніндегі тиісті шараларды қабылдауда.

2013 жылы Павлодарда 7 айлық шала туған Элона Тохтарова дүниеге келді. Оның ата-анасы діни наным-сенімдеріне байланысты трансфузия процедурасынан бас тартты. Жергілікті биліктің іс-қимылы арқасында баланы аман алып қалуға және отбасына қайтаруға мүмкіндік болды. Мұндай жағдай әрине сирек кездеседі. Мен осындай діни таңдауға байланысты сәбидің көз жұмған фактілерін білемін. Сондықтан да өлім немесе суицид деструктивтік тоталитарлық қызметтің салдары болып табылады деп айтуға болады.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының жаңа редакциясында атеистердің сезімдері мен көзқарастарын қорғайтын жеке норма болады. Бұл дұрыс деп ойлаймыз. Дінге сенушілердің сезімдерін қорғай отырып, біз өздерінің көзқарастарына құқықтары бар атеистерді назардан тыс қалдырдық. Ал атеистердің сезімдері мен көзқарастарын қорғау дегеніміз не? Атеистік көзқарастағы азамат неден үміттенуіне болады?

- Иә, мен мұны дұрыс деп санаймын. Дін-қоғамдық сана нысандарының бір түрі. Осымен қатар қоғамдық сананың саяси, құқықтық, адамгершілік, философиялық және басқа да нысандары бар. Сондай-ақ діни сананың көптеген сан алуан нысандары кездеседі. Адамзат қанша тіршілік етсе, діни сана да соншалықты өмір сүріп келеді. Оған моральдық-адамгершілік және адамдардың каноникалық нормалары тән. Қазақстан – зайырлы мемлекет, яғни мемлекет пен дін бір-бірінен ажыратылған.

Атеизм көптеген дінге сенушілер ойлағандай, дінді сынаудан, құдайдың барлығын жоққа шығарудан басталмайды. Бұл жағдайда атеизм дінге сенбеушілік сезімі болып, яғни діни дүниетанымнан айырмашылығы болмай қалушы еді. Керісінше, ғылыми атеизм дінді, оның барлық бағыттарын, нысандары мен түрлерін жан-жақты зерттейді. «Атеизм» - «құдайсыздық» дегенді білдіреді. Бұл бірден осы терминде жағымсыз аспектіні басып көрсетеді. Ал шын мәнінде атеизм – бұл позитивті білім және гуманистік, өмірсүйгіш позиция. Атеизмнің діни нигилизмнен айырмашылығы - ол діннің жалпыадамзаттық құндылықтарын жоққа шығармайды, бірақ оны мистикалық ореолдан еркін қылады, осылайша оның жердегі мәнін шынайы көрсетеді.

Біздің зайырлы мемлекетіміз қандай дінді қолдайтындықтарына немесе дінге сенуші болуына тәуелсіз, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабы 1-тармағында «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» делінген. Баса айтып отырмын: сөз «дін ұстану еркіндігі» емес, «ар-ождан бостандығы» туралы. Қазақстанда мемлекетіміз «ар-ождан» терминін қолданып, азаматтардың атеистік дүниетанымға ие болу құқығын қорғап отыр. 

Гүлназ Мақсұтқызы, Министрлік деструктивті діни ағымдарға жататындығын көпшілік алдында көрсетуге тыйым салу  немесе шектеу мәселесін қарап жатқандығын білеміз. Бұл киімге ғана қатысты ма? Деструктивті діни ағымдарға жататындығын көпшілік алдында көрсетудің қандай басқа нысандары бар? Осындай тыйым салулар басқа елдерде бар ма?

- Сұрағыңыз орынды, осы мәселені жұртшылық жаз айларында кең талқылаған еді. Бірақ қорытынды құжат шыққан жоқ. Сондықтан қандай да болсын қабылданған шешім туралы айту ертерек. Дегенмен де дәстүрлі емес діни ағымдар тарабынан біраз агрессия, абыржу болғаны рас. Біздің қоғамымыз бен мемлекетіміз қысқа шалбарлар мен сақалдылардан қорықпайтындығын айқын түсінуіміз керек, біз олардың ой-санасын улаған радикалдық идеологиядан қауіптенеміз. Діншілдіктің сыртқы және ішкі белгілері бар. Қазақстандағы дін көрінісіне келсек, ол негізінен дәстүрлі емес мұсылман ағымдарына қатысты. Сыртқы белгілеріне ер адамдардың күтімсіз сақал өсіруі, қысқа шалбар киюі (изар), әйелдердің қара киім киюі, олардың ең радикалдық көңіл күйдегілері беттерін жабады (никаб) және саусақты қара қолғаптар киеді. Әрине, сыртқы дресс-кодты олардың «шейхтары» белгілеп отыр. Салафиттерден басқа Қазақстанда өзге де мұсылмандар бар, олар діншілдіктерін сыртқы түрлерімен байқатпайды. Алайда, жабық салафиттік қауымдастықтар сақтық, яғни «тақыя» жасайды, яғни, олар сақалсыз болуы және қысқа шалбар кимеулері мүмкін. Исламда мұндай тәжірибеге тек ерекше жағдайларда, мысалы, мұсылманның өміріне басқалар тарапынан қауіп төніп тұрса ғана рұқсат етілген. Тарихта мұның бір ғана мысалы бар, ортағасырлық Испанияда Реконкистінің жеңісінен кейін осылай болған. Алайда, біздің елімізде мұндай тәжірибенің қолданылуы дұрыс емес, өйткені ешкім мұсылмандарды қудалап, өмірлеріне қауіп төндіріп отырған жоқ.

Сіз бірнеше рет әйелдер радикализмінінң проблемалары бар екендігін атап өттіңіз. Бұл өз күйеуінің көзқарастарын қабылдауды міндет деп санайтын әйелдердің радикал күйеуінің еркіне бағынуы ма немесе әйелдер жалдаушылардың мақсатты құрбаны болғаны ма? Әйелдер радикализмінің ерекшелігі неде? Әйелдердің көзін жеткізу ерлерге қарағанда қаншалықты күрделі? Діни экстремизмнің алдын ала отырып, Сіздер радикалдық көңіл күйдегі әйелдердің ебін қалай табасыздар?

- Сіз қазіргі қоғамды толғандырған үлкен қатпарлы мәселені көтердіңіз. Әйелдер экстремизмінің тақырыбы жеке және егжей-тегжейлі сұхбат боларлық тақырып болғанымен, сауалыңызға қысқа да нұсқа жауап беруге тырысайын. Соңғы кезде дүниежүзілік қауымдастықта «экстремизмнің феминизациясы» деген тенденция пайда болды, бірақ біздің қоғам үшін бұл «жаңа» проблема. Қылмыстық істердің мониторингі экстремистік және террористік қылмыстар ер адамдарға қатысты қозғалғанын көрсетіп отыр.Бұл азаматтардың әйелдері, апа-қарындастары, аналары өз бетімен жеке қалды. Олардың да радикалдық дін идеяларының адептілері болғаны құпия емес. Бүгінгі күні мен оларды мынадай санаттарға бөлемін: осындай қылмыстар үшін сотталғандардың әйелдері, арнайы операциялар кезінде өлтірілген террористердің әйелдері, Сирияға әскери іс-қимылдар болып жатқандармен бірге кеткен әйелдер және дәстүрлі емес радикалдық ағымдарды ұстанушы лидер әйелдер. Осы әйелдердің тұйық «сенім аясын» бұза отырып, біз олармен оңалту іс-шараларын өткіземіз. Біздің орталықта әйелдердің «Инабат» клубы жұмыс істей бастады. Клубтың басты мақсаты – біздің қоғамның дәстүрлі мәдени және рухани-адамгершілік құндылықтарын насихаттау. Адептілерге тән сипат – олардың діни сауатсыздығы, жамағатқа көзсіз сенуі және шешілмеген психологиялық проблемалар кешені екені белгілі.

Гүлназ Мақсұтқызы, Сіз және өзіңіз басқарып отырған конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы Павлодар облысы тұрғындарының арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізіп келесіздер. Өткізілген семинарлар мен лекциялар туралы есептер сайтта күнделікті жарияланады. Айтыңызшы, тыңдаушыларға сіздер қандай білім бересіздер? Біздің облыс тұрғындарын дін саласындағы қандай мәселелер толғандырады? Біздің өңір тұрғындарының діни сауаттылығы деңгейін қалай бағалайсыз? Айтпақшы, редакция поштасына келіп түскен бір хатта жеке меншік сауда кәсіпорнында семинар өткізу мүмкіндігі бар ма, әлде сіздер тек қана мемлекеттік мекемелерге бағдарландыңыздар ма?

- Біздің жұмысымыздың бағыттарының бірі – Павлодар облысы тұрғындарының барлық категориялары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. Біз іс-шараларымызды келесі мақсатты аудиторияға тәуелді ұйымдастырамыз: жұмысшы жастар, студент жастар, ауыл жастары, дінге сенуші жастар, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарынынң қызметкерлері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері және т.б.

Аудиторияға байланысты іс-шараларымыздың тақырыбы жоспарланады. Негізінен біз адамдарға республикамыздың мемлекеттік-конфессионалдық саясатының құқықтық негіздерін, тыйым салынған діни бірлестіктердің тізімдерін, деструктивтік культтердің белгілерін, дәстүрлі емес мұсылман ағымдарынынң қауіптілігін, Дін істері министрлігінің басты идеологиялық тұжырымдамалық құжаттарын жеткіземіз. Көптеген сауалдар дін саласындағы заңнама жобасына енгізілген өзгерістер туралы беріледі, салафизмге заңнамалық тыйым салу мәселелері көтеріледі, мектептерде хиджаб кию және т.б. туралы сұрақтар қойылады. Діни сауаттылықты қалыптастыру бір күннің жұмысы емес. Бұл ұзақ та көп еңбекті қажет ететін үдеріс. Дегенмен де біздің азаматтарымыздың санасында оң өзгерістер бар. Егер осыдан он жыл бұрын салафизмнің не екенін, оның қауіптілігін көп адамдар білмейтін. Ал қазір азаматтарымыз осы ағымның қатерлі мәнін түсінді. Басқа да деструктивті діни ағымдар туралы осылай айтуға болады. Проблеманың бар екендігін сезінудің өзі оның 50 пайызының шешілгендігі деуге болады. Бүгін біз дін саласындағы өзекті мәселелерді айқын көріп, оларды еңсеру үшін жұмыс атқарудамыз. Бұл орайда бізге үлкен көмекті Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі көрсетуде. Семинарлар, конференциялар, біліктілікті арттыру курстары осы саладағы мамандарымыздың кәсіби шеберлігін шыңдай түсуде. Біз кез келген нысандағы кәсіпорындарда семинарлар өткіземіз, біздің сайтымызда онлайн-өтінім қалдыруға болады, біздің мамандарымыз сіздермен хабарласады.

Сіз облысымыздың көптеген діни конфессияларының басшыларымен үнемі байланыс жасап тұрасыз. Біздің мемлекетіміздің дінге қатысты заңнамалық жоспарларының маңыздылығын олар қаншалықты түсінеді? Заңнамадағы өзгерістер оларды толғандыра ма? Олар радикалдық экстремизмге, дәстүрлі емес, деструктивті секталарға қарсы іс-қимыл жасауда ынтымақтастыққа дайын ба? Облыс конфессиялары өкілдерінің белсенді азаматтық позицияны ұстанғандарының қайсысын ерекше атар едіңіз?

- 2014 жылы біз «Дін лидерлерінің клубын» құрдық. Ол күні бүгінге дейін табысты жұмыс жасап келеді. Біз олармен бірлесіп, футболдан, үстел теннисінен, волейбол мен боулингтен спорттық іс-шараларды, шығармашылық фестивальдарын және шай дастархандарын өткіземіз. Дәстүрлі діндердің өкілдері бізге профилактикалық іс-шараларды, жастармен атқарылатын жұмыстарды,олармен әңгімелесулер мен кездесулерді өткізуге сөзсіз көмектеседі.

Жергілікті діни бірлестіктердің басшылары еліміздің дін заңнамасындағы өзгерістерді қолдап отыр. Ешқандай жағымсыз пікірлерді естіген жоқпыз. Барлық діни бірлестіктер қолданыстағы заңнама шеңберінде жұмыс жасауда. Сондықтан да оларды бір мәселе толғандырды деп айтуға болмас. Егер мен бір діни бірлестікті атасам, менің басқа әріптестерім  ренжіп қалады ма деп қорқамын (күледі - ред). Біздің көңілімізді қалдырған бір ғана жергілікті діни бірлестік бар, ол «Иегова куәлары», олар біздің іс-шараларымызға қатыспайды, ешқандай белсенділік көрсетіп отырған жоқ. Басқа діни бірлестіктердің барлығы бірдей азаматтық позицияны байқатуда.

Гүлназ Мақсұтқызы, уақыт бөліп, біздің сұрақтарымызға жауап бергеніңіз үшін  Сізге рахмет. Біздің сұхбаттарымыз дәстүрлі болады деп үміттенеміз.

- Сізге де рахмет. Сіздердің барлық сауалдарыңызға жауап беруге қуаныштымын.