- 2024 жылғы маусымда ҰҚК материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы сотталды.
- 3 және 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Олардың айналасындағылар арасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды.
Жаңалықтар/БАҚ-қа шолу
|
Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихының жаңа ғылыми ұстанымдарға сай көптомдық жинағы әзірленіп жатқанын, аталған еңбекте осыған дейін жіберілген тұжырымдамалық қателіктер мен кемшіліктер қайталанбауы қажет екенін айтты. Біз осы көптомдықтың арнаулы томын әзірлеуге атсалысып жүрген тарихшы-медиевист Жақсылық СӘБИТОВТІ әңгімеге тартып, бірқатар өзекті сұрағымызды қойдық. Алтын Орда – резиденцияның атауы |
Айт – арабшадан аударғанда, «мейрам" деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі Құран мен сүннетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды. |
Ұлттық салт – дәстүр жалпы қоғамның, отбасының, өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани сұраныстарын қанағаттандырады. Сұранысты дін призмасы арқылы іске асыру эффективті. Қазақ халқының мысалында дәстүр мен дін симбиозы тарихи кезеңдерде барлық мемлекеттік, әлеуметтік, заң, мәдени құрылымдарға ресми енгізілген. |
21 - ғасырда, технология дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз, адам баласы күнде әртүрлі ақпаратты қалтасындағы телефонынан, үйіндегі теледидардан, жұмыс орнындағы компьютерден немесе көшедегі танысынан, таксиге отырғанда көлік жүргізушісінен қабылдап жатыр . Ағайын -туыстық дастарханда отырғанда діни сөздер айтылуы мүмкін. Адамның алып жатқан ақпараттары өміріне үлкен өзгеріс алып келуі мүмкін екенін білуі керек, егер де сол ақпараттар қате болса. Қате ақпарат арқылы бірі экстремист немесе бірі террорист болып кетуі , жоқ дегенде діни радикалданып кеткен бағытты ұстануы мүмкін. |
Құндылықтық тұрғыдан алғанда әлемдік діндердің сенімі мен қағидаттарында адамгершілікке негізделген ізгілік, мейірімділік, адалдық, төзімділік секілді игі қасиеттер насихатталады. Мұндай моральдық ұстанымдар мен рухани негіздегі тәрбие адамның және қоғамның ұмтылыстары мен мақсат-мұратын дұрыс арнаға бағыттауға әсер етеді. |
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің әлеуметтік саласына назар аудару қажеттігін айтты. Соның ішінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру және жұмыспен қамту, көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем беру мәселелеріне айрықша тоқталды. |
Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялаған соң ел аумағында тұратын жүздеген ұлт пен қырықтан астам конфессия өкілдерінің арасындағы татулықты сақтай алды. Тіпті, тұрақтылықты сақтау мемлекетіміздің негізгі бағыттарының біріне айналды. Бұл ретте, Қазақстан халқы Ассамблеясын да айрықша атап өтуге болады. Бұл орган елдегі этностаралық және конфессияаралық келісімнің стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырып, ел азаматтарын шын мәнінде бір шаңырақ астына топтастыра білді. Осы орайда, бұл күрделі істі оңтайлы реттеуге біздің ұлттық дәстүріміздің де мұрындық болғанын атап өткен жөн. |
Дәл қазір әлемде бір ғана ұлттың баласы өмір сүретін мемлекет жоқтың қасы. Иә, бәлкім, дамуы кенже қалған елдерде моноұлттық құрам кездесіп те қалатын шығар. Ал, заманауи дамудың даңғыл жолына түскен мемлекеттерде түрлі этнос өкілдерінің еркін өмір сүруі – қалыпты құбылыс. Бұл санатқа Қазақстан Республикасы да қосылады. Тәуелсіздік алған тұста әлемдік деңгейдегі сарапшылар «Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бұл аймақ қақтығысқа қолайлы мекен» деп санаған екен. Десек те, бұл қатерлі кезеңді аман өткердік… |
Мемлекет басшысы 3 қаңтарда газетімізге берген сұхбатында: «Біз озық ойлы ұлт ретінде халқымызды ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға қарауымыз керек. Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс», деді. Халықты біріктіретін, ынтымаққа ұйытатын елдік құндылықтардың бірі – сенім, яғни дін десек, қателеспейміз. Өкінішке қарай, кейінгі кезеңде түрлі күштер дінді қоғамды біріктіру жолына емес, жік салу мақсатына пайдаланды. Оның салдарын біз әлі күнге көріп те келеміз. Осы орайда елдің жанын ауыртқан, зиялыларға қам жегізген діни ала-құлалықтан қалай арыламыз? |