Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялаған соң ел аумағында тұратын жүздеген ұлт пен қырықтан астам конфессия өкілдерінің арасындағы татулықты сақтай алды. Тіпті, тұрақтылықты сақтау мемлекетіміздің негізгі бағыттарының біріне айналды. Бұл ретте, Қазақстан халқы Ассамблеясын да айрықша атап өтуге болады. Бұл орган елдегі этностаралық және конфессияаралық келісімнің стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырып, ел азаматтарын шын мәнінде бір шаңырақ астына топтастыра білді. Осы орайда, бұл күрделі істі оңтайлы реттеуге біздің ұлттық дәстүріміздің де мұрындық болғанын атап өткен жөн.
Жаңалықтар/БАҚ-қа шолу
|
Дәл қазір әлемде бір ғана ұлттың баласы өмір сүретін мемлекет жоқтың қасы. Иә, бәлкім, дамуы кенже қалған елдерде моноұлттық құрам кездесіп те қалатын шығар. Ал, заманауи дамудың даңғыл жолына түскен мемлекеттерде түрлі этнос өкілдерінің еркін өмір сүруі – қалыпты құбылыс. Бұл санатқа Қазақстан Республикасы да қосылады. Тәуелсіздік алған тұста әлемдік деңгейдегі сарапшылар «Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Бұл аймақ қақтығысқа қолайлы мекен» деп санаған екен. Десек те, бұл қатерлі кезеңді аман өткердік… |
Мемлекет басшысы 3 қаңтарда газетімізге берген сұхбатында: «Біз озық ойлы ұлт ретінде халқымызды ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға қарауымыз керек. Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс», деді. Халықты біріктіретін, ынтымаққа ұйытатын елдік құндылықтардың бірі – сенім, яғни дін десек, қателеспейміз. Өкінішке қарай, кейінгі кезеңде түрлі күштер дінді қоғамды біріктіру жолына емес, жік салу мақсатына пайдаланды. Оның салдарын біз әлі күнге көріп те келеміз. Осы орайда елдің жанын ауыртқан, зиялыларға қам жегізген діни ала-құлалықтан қалай арыламыз? |
Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдары дінтану саласындағы түйткілдерді жан-жақты талқылады. Бұл ғылыми мәжіліс отандық дінтану саласының ең алғашқы ғалымдарының бірегейі, бірнеше салалық еңбектер мен мақалалардың авторы, PhD, қауым. профессор Қалмахан Ержанның 50 жас мерейтойына орайластырып өткізілді. «Қазақстандағы дінтану мен діни білім беру мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелде алғы сөз сөйлеген проректор, PhD, доцент Қайрат Құрманбаев Қалмахан Сейтұлының өміріне шолу жасап, ғылым саласындағы қызметіне жылы лебізін білдірді. |
Сенат отырысында депутат Әли Бектаев өзінің депутаттық сауалында Наурызды мерекелеудің қазақстандық дәстүрін нығайту үшін идеологиялық негіз қалыптастыруды және ілгерілетуді ұсынды. Депутат 3 мың жылдық тарихы бар Наурызды БҰҰ Бас Ассамблеясы мойындағанын және адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізгенін атап өтті. Қазақстан үшін бұл мереке ерекше маңызға ие. |
– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақытыңыздың тығыздығына қарамастан «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікіріңіз қазақ баспасөзі үшін өте маңызды. Сондықтан түрлі тақырыпта өзіңізбен ашық әңгіме өрбіткіміз келеді. Өткен жыл несімен есіңізде қалды? – Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын! |
Имам әл-Ғазали «әл-Мустасфа» еңбегінде: «Шариғат бес нәрсені – дінді, жанды, ақылды, ұрпақты және мал-дүниені сақтауды көздейді. Осы бес нәрсені сақтауға бағытталған әрекеттің барлығы игі іс, ал бұл бесеуіне зияны тиетін әрекеттің барлығы зиян, оны тоқтату, алдын алу игі іс», – деген. Есірткіні қолдану осының бесеуіне де зиянын тигізеді. |
Қазақ халқы өз тарихында еш уақытта дінсіз болмаған. Кешегі Кеңес заманында діннен ажыратуға тырысқанымен, оның сыртқы белгілері салт-дәстүр мен әдет-ғұрып түрінде көрініс тапты. Ал ішкі рухы халқымыздың дүниетанымында, тәлім-тәрбиесінде, мәдениеті мен әдебиетінде сайрап жатты. Сондықтан да тәуелсіздікпен бірге дін ұстануға еркіндік берілгенде еліміз дінаралық келісім мен достықты, толеранттылықты, наным-сенім еркіндігін басшылыққа алатын зайырлылық жолын таңдады. |
Қазір әлеуметтік желіде мектептерде хиджаб кию мәселесіне қатысты талқы тоқтар емес. Осыған байланысты, діни салаға жауапты лауазымды тұлға ретінде, өз тарапымнан түсініктеме беруді жөн көріп отырмын. |
Павлодар облысы конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Раздықова Ислам құндылықтары мен қазақ дәстүрінің сабақтастығы жайлы ой өрбітті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. |