Жарияланымдар

10.05.2017

Сәуір айында КҚТДО қызметкерлері Павлодар көлік және коммуникациялар, медицина колледждерінде, Павлодар бизнес-колледжінде, Павлодар қ. Балалар ауылында оқып жатқан жастар мен балалар үшін «Деструктивтік культтердің ықпалына қалай түспеу керек?» тақырыбына тренигтер өткізді..

10.05.2017

Ағымдағы жылғы 28 сәуірде «Достық Үйінде» Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастырумен «Зайырлылық - қазақстандық қоғамда тұрақтылықты сақтаудың факторы ретінде» тақырыбына облыс дінтанушыларының I Форумы өтті. Форумның жұмысына «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ директоры, Астана қ., философия ғылымдарының докторы, профессор Әбуов Айдар Парқұлұлы, Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Зәкәриянов Д.Қ., «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы, теолог, Павлодар қ. «Ақ Мешіт» имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы, иерей, Қазақстандағы орыс православ шіркеуінің білім және кахетизация бөлімінің басшысы Жданов А., мемлекеттік органдардың өкілдері және дінтанушылар қатысты.

10.05.2017

2014 жылғы 5 мамырда ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. облыс ІІД бірлесіп, № 4 ЖОБМ базасында Павлодар облысы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына, мұғалімдері мен педагогтарына «Заманауи діни экстремизмге және терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимыл» тақырыбына арналған облыстық интернет-конференция өткізді.

10.05.2017

2017 жылғы 27 сәуірде Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы Ақсу қаласында профилактикалық іс-шара өткізді. «Діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу» тақырыбына семинар Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлеріне (ведомстволық бағыныстағы ұйымдары), дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қызметкерлеріне (ведомстволық бағыныстағы ұйымдары), Павлодар облысы ТЖБ Ақсу департаменті пробация қызметіне (пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға), «Ақсу су арнасы» МҚК қызметкерлеріне және Жаяу Мұса атындағы колледж студенттеріне арнап ұйымдастырылды.

10.05.2017

Белгілі қазақстандық ғалым, дінтанушы, «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ директоры А.П.Әбуовтің, облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәрияновтың, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаеваның, орталықтың теологы Р.Ж. Чингужановтың қатысуымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының базасында дөңгелек үстел өткізілді.

10.05.2017

2017 жылғы 26 сәуірде Павлодар қаласында тұңғыш рет облыс діни бірлестіктері жастарының арасында волейболдан І өңірлік турнир өткізілді.

26.04.2017

Қазақстан – мұсылман тұрғындары басым ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев исламның әлемдегі жетекші діндердің бірі екендігін, оның бөліну мен өшпенділікке емес, бейбітшілік пен бірлікке шақыратынын үнемі айтып жүр.

25.04.2017

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Алматы қаласында өткен «Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алудағы әйелдер ұйымдарының рөлі» атты республикалық конференцияға қатысты.

16.04.2017

Құрметті отандастар! Айтулы Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

13.04.2017

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияладым.

Беттер