Жарияланымдар

16.12.2021

Құрметті отандастар!

Ардақты ағайын!

Баршаңызды  қастерлі Тәуелсіздігіміздің  мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын  дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған  дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық.

Шын мәнінде, егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал, қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?!

Тәуелсіздік – ең қасиетті, қастерлі құндылығымыз, ең басты байлығымыз. Халқымыз егемендіктің қадір-қасиетін  жан-жүрегімен сезінеді. Өйткені, біз азаттықтың құны қандай екенін жақсы білеміз.

Бостандық жолында талай батырларымыз құрбан болды. Қаншама қиын күндер басымыздан өтті. Бірақ, халқымыз барлық сынақты қайыспай көтерді. Тағдыр тауқыметі ұлтымыздың жүрегінен азаттық рухын өшіре алмады. Қазақтың қайсар ұл-қыздары  қашанда  елді бостандыққа үндеп, жігерін жани білді.

Біздің мемлекеттілік тарихымыз көне заманнан бастау алады. Бір кезде бөрілі байрақ көтерген көк түріктер мәңгі ел болуға ұмтылды.

Күлтегін мен Білге қаған туралы тастағы жазулар тарихымыздың тереңдігін танытады. Батыр бабаларымыз бүкіл Еуразияда ат ойнатқан қуатты мемлекеттер құрды. Сайын далада теңдесі жоқ көшпелілер өркениетін қалыптастырды. Алып құрлықтың саяси-экономикалық даму барысына орасан зор ықпалын тигізді. Олар ұрпаққа асқақ рухын және өр намысын мирас етті. Баға жетпес мәдени мұрасы мен жауһар жәдігерлерін табыстады.

Алтын Орда орта ғасырдағы алып мемлекет ретінде  белгілі. Қазақ халқы осы ұлық ұлыстың тікелей мұрагері болып саналады. Одан кейін тарих төріне Қазақ хандығы шықты. Қазіргі таңда Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәукенің Жеті жарғысын білмейтін қазақ кемде-кем.

Мемлекеттілігіміздің берік тұғыры болған дала заңдары ел жадында сақталып, бүгінгі күнге дейін жетті. Төл тарихымыздағы ең күрделі сәттерде халқымыз жұдырықтай жұмыла білді. Бұланты, Орбұлақ және Аңырақай шайқастары – осының айқын дәлелі.

Қазақтың елдік жолындағы ерлігі  отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарда айқын көрінді. Алаш арыстары дербес мемлекет құру үшін  жанын пида етті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ел азаматтары майдан даласында ерлікпен шайқасты. Кеңес заманында зиялыларымыз тіліміз бен ділімізді сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті.

Алпысыншы жылдарда төл мәдениетіміз ерекше дамып, қазақ әдебиетінде таланттар шоғыры  қалыптасты, бірегей туындылар  дүниеге келді. Көркем шығармалар ұрпақ санасын оятып, жақсылыққа жетелейтін тәрбие құралына айналды. Кешегі Желтоқсан қаһармандары Тәуелсіздікті бір табан жақындатқаны анық.

Асқар тау алыстаған сайын асқақ көрінеді. Біздің бабаларымыз қазақтың дербес мемлекет құрып, еркін өмір сүруге құқылы екенін тарих алдында дәлелдеді. Осылайша, мыңжылдықтар тоғысатын тұста азаттық туы көгімізде желбіреді.

Ұлттың ең ұлы мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол сәттен бастап Қазақ елінің ұлы көші болашаққа бет түзеді. Халқымыз өз мемлекетін құруға кірісті. Бұл – тарихи әділдіктің орнауы.  

Мүлдем жаңа геосаяси ахуалда мемлекет құру оңай шаруа емес, нағыз көшбасшының ғана қолынан келетін іс. Ең күрделі, бұлыңғыр кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай дара тұлға тарих төріне шықты. Анығын айтқанда, Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды.

1991 жылы 1 желтоқсанда халқымыз оған бірауыздан дауыс беріп, сенім мандатын тапсырды. Ал, 16 желтоқсанда Президент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңға қол қойды. Ақиқатын айтсақ, бұл халқымыздың тарихындағы ең қуанышты әрі бақытты сәт болды.  Сол сәттен Қазақ елінің жаңа дәуірі – Тәуелсіздік тарихы басталды. 17 желтоқсанда Елбасы Алматыдағы алаңға келіп, елдің ортасына шықты. Тұңғыш Президент «Халқымыздың билігі толық өз қолына тиді. Азат күн туды» деп халықтан сүйінші сұрады. Оның тебіреніске толы сол сөзі жұрттың жадында жатталып қалды.

Бәлкім, бүгін бәрі оңай көрінер. Тіпті, кейбір адамдар Тәуелсіздіктің құндылығын жете түсінбеуі мүмкін. Ал, аға буын оның қандай қиындықпен келгенін жақсы біледі. Тарихи күндердің әрбір минутын тек Елбасы ғана жан-жүрегімен сезініп, басынан өткерген деп айтсақ, артық емес. Тұңғыш Президент өзінің бір сұхбатында азаттықтың алғашқы әсерін  еске алғаны бар. Онда: «Жұрттың бәрі мәз-мейрам болып жатты. Менің де қуанышымда шек жоқ еді. Бірақ, қатты қобалжыдым. Өйткені, әрі қарай не боларына алаңдаулы едім» деген болатын. Бұл – шүбәсіз ақиқат. Елбасы айтқандай, «Тәуелсіздікті алу бір басқа, оны сақтап қалу бір басқа».  

Президенттің алдында жаңа мемлекет құру міндеті тұрды. Бірақ, сонымен қоса  өзіне сенім артқан халқын қиындықтан алып шығуы керек болды. Елдегі сан түрлі мәселені шешудің басты жауапкершілігі Мемлекет басшысына жүктелді. Соның бәрін Тұңғыш Президентіміз абыроймен еңсере білді. Түптеп келгенде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқымыздың ұлы перзенті екенін өз еңбегі арқылы толық дәлелдеді. Жұртымыз оның дара басшылығымен  кедергінің бәрінен сүрінбей өтті.

Бүгінгі мерейлі мемлекетіміз – Елбасымыздың ерен еңбегінің жемісі, көзсіз ерлігінің жеңісі! Ол Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған тұлға ретінде әлем тарихынан  мәңгі орын алады. Тұңғыш Президентіміз жаһан жұртының алдында ұлт мүддесін қорғай білген көреген саясаткер. Қиыннан қиыстырып, тосын шешімдер қабылдай алатын жасампаз реформатор. Осындай бірегей қасиеттің бәрі бойына тоғысқан біртуар тұлғасы бар қазақ – бақытты халық!

День Независимости – это великий праздник, который является венцом нашей многовековой борьбы за собственную государственность, олицетворением стойкости народа, ярким воплощением его светлых устремлений в будущее.

Независимость не досталась нам в подарок или по воле случая. Ценности Независимости красной нитью проходят через многие столетия национальной истории. Наш народ всегда бережно относился к идее государственности, потому что нация, имеющая независимое государство, в историческом плане считается успешной, поскольку сохраняет за собой выбор пути развития. Этот фундаментальный принцип неоднократно доказан временем.

В истории, дошедшей до нас из седой древности, и истории, которая творится на наших глазах, каждый гражданин Казахстана находит частичку себя, всем сердцем принимая и понимая значение Независимости. Сегодня кому-то может показаться, что успех нашей страны был предопределен. Но тогда, 30 лет тому назад, стартовые условия у Казахстана были непростые, можно сказать, крайне сложные. Экономика находилась в глубочайшем кризисе. Социальная сфера лежала на боку. Геополитическое положение и изолированность от мировых рынков также не добавляли оптимизма. Протяженная граница не была юридически урегулирована. Сейчас же можно с уверенностью сказать, что стратегические идеи Елбасы и его непоколебимая политическая воля позволили успешно преодолеть все эти неблагоприятные факторы и обеспечить устойчивое развитие Казахстана. С обретением Независимости наша страна твердо встала на рельсы прогресса практически во всех сферах, будь то экономика, культура или общественно-политическая жизнь.

Тәуелсіздіктің отыз жылы – біз үшін тұтас дәуірге бергісіз мерзім. Оны үш белеске бөліп қарастыруға болады. Әр онжылдық ғасырдың жүгін арқалап тұр.

Алғашқы онжылдық – жаңа Қазақстанның негізін қалау кезеңі.

Осы жылдарда мемлекеттік нышандарымыз белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Төл теңгеміз айналымға қосылды. Айбынды армиямыз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Ана тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Ата дініміз оралып, салт-дәстүріміз жаңғыртылды. Бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Әлем елдерімен дипломатиялық қатынас орнықты. Қазақстан беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Стратегиялық даму бағдарымыз айқындалды. Шекара мәселесін заң тұрғысынан шегендеу үрдісі басталды. Қасиетті жеріміз атом қаруынан тазартылды. Елордамыз Есілдің бойына көшірілді. Экономиканы өркендету үшін ауқымды реформалар қолға алынды. Жеке кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасалды. Жастарымыз әлемнің үздік университеттеріне оқуға жіберілді. Қазыналы  Ұлттық қорымыз құрылды. Ұлы көшке жол ашылып, шетте жүрген қандастарымыз атамекеніне қайтарылды.  

Екінші онжылдық – Қазақ елінің өрлеу кезеңі.

Біз керегемізді кеңейтіп, тұғырымызды нығайттық. Халықтың әл-ауқатын арттыра түстік. Төл тарихымызды түгендеп, рухани мұрамызды жаңғырттық. Көптеген халықаралық бастама көтердік. Елге  қомақты инвестиция әкелдік. Ұлы Жібек Жолының бойында  ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырдық. Заманауи өндіріс орындарын салып, сан түрлі  жаңа өнім шығара бастадық. Тұрғын-үй құрылысының қарқынын күшейттік.

Үшінші онжылдық – Қазақстанның кемелдену кезеңі.

Осы уақытта абырой-беделі артқан мерейлі мемлекетке айналдық. Шекара мәселесін біржола шештік. 2050 жылға дейін стратегиямызды қабылдап, дамыған елдердің қатарына қосылуды  межеледік. Түрлі бағыттар бойынша ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырдық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруды  қолға алдық. Тұтас түркінің алтын бесігі атанған  Түркістанды түлеттік. Саяси реформаларды  
тың қарқынмен жалғастырдық. Халқымыздың саны 19 миллионнан асты. Осылайша, Қазақстан тұғыры берік, мықты мемлекет болды.

О наших впечатляющих успехах в государственном строительстве, повышении благосостояния народа убедительно говорят конкретные цифры и факты. Благодаря масштабным реформам объем отечественной экономики в реальном выражении увеличился
в 2,5 раза. Валовый внутренний продукт на душу населения в долларовом эквиваленте вырос более чем в 13 раз и обеспечил нашей стране безусловное лидерство в Центральной Азии. В Казахстан привлечено более 370 миллиардов долларов прямых иностранных инвестиций. По этому показателю на душу населения мы опережаем все постсоветское пространство и ряд восточноевропейских стран. Международные резервы Казахстана составляют свыше 90 миллиардов долларов. Серьезных успехов наша страна достигла в развитии регионов, транспортной инфраструктуры, социальной сферы. Построено и реконструировано 13 тысяч километров автодорог и 2500 километров железнодорожных путей.

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күре жолының еліміздегі бөлігі іске қосылды. Каспий теңізінің жағасында Құрық айлағы ашылды. Өндіріс саласына серпін берілді. Аумағы 180 миллион шаршы метрден астам үй салынды. Соның нәтижесінде бір жарым миллион азаматымыздың тұрғын-үй жағдайы жақсарды. Балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 1999 жылдан бері 10 есе өсті. Тәуелсіздік кезеңінде 1800-ден астам мектеп салынды. 21 Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Біз кадр дайындаудың жаңа тәсіліне көштік. Мемлекеттік білім беру тапсырысы  жыл өткен сайын көбейіп келеді, соңғы 20 жылда оның саны 5 есе өсті. Күрделі кезеңге қарамастан «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Білім беру саласының ең озық мекемесіне айналған Назарбаев университеті құрылды. Ғылым саласын дамытуға арналған қаржы көлемі бірнеше есе артты. Соның арқасында жаңа институттар мен ғылыми орталықтар ашылуда, жас ғалымдардың қатары көбеюде. Денсаулық сақтау – ұлттың бәсекеге қабілетін арттыратын маңызды саланың бірі ретінде жаңа деңгейге көтерілді. Тәуелсіздік кезеңінде 1800-ден астам аурухана мен емхана салынды. Елордамызда медицина кластері құрылды. Қомақты инвестицияның арқасында фармацевтика саласында маңызды қадам жасалды. Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 71,4 жасқа жетті. Коронавирус індетіне қарсы отандық вакцина жасап шығарылды. Бұл жетістік ұлттық медицина ғылымының әлеуеті зор екенін көрсетті.

Медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қоғамдағы мәртебесін көтеруге баса мән беріліп жатыр, олардың жалақысы және қосымша төлемақысы көбейтілуде. Ал, ұлт саулығын сақтау үшін мемлекетімізде бұқаралық спортпен және дене шынықтырумен айналысуға  жағдай жасалуда. Елімізде  38 спорт нысаны бой көтерді, 8 мыңға жуық спорт алаңы салынды.

Тәуелсіздік кезеңінде төл мәдениетіміз жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, қайта өрлеу кезеңіне қадам басты. Ауқымды «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылды. Көптеген құнды жәдігеріміз елдің игілігіне айналды. Тарихи-мәдени мұралар инфрақұрылымы біртіндеп кеңейтілуде. 9 мемлекеттік қорық-музей құрылды. Үздік әдеби туындыларымыз алғаш рет әлем тілдеріне аударылды. Егемендік жылдарында Қазақстанда 20 театр ашылды. Ұлт киносы әлемге таныла бастады. Қазақ мәдениетінің жаңа шоғыры әйгілі сахналарда өнер көрсетуде. Армиямыз қазіргі заманғы қару-жарақпен қамтамасыз етіліп, еліміздің қорғаныс қабілеті нығая түсті. Сот және құқық қорғау жүйесінде маңызды реформалар жасалып, азаматтардың құқықтары тиімді қорғалуда. Олардың құқық қорғау органдарына сенімі арта түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс белсенді жүргізілуде, тиісті заңнамаларды жетілдіру үшін нақты шаралар қолға алынды.

Наши достижения неразрывно связаны со сбалансированной, прагматичной, многовекторной внешней политикой. Фундаментальные основы международной стратегии Казахстана остаются неизменными. Они опираются на такие незыблемые приоритеты, как защита суверенитета и территориальной целостности нашего государства, продвижение национальных интересов на мировой арене. Историческим по своей сути достижением Казахстана и его Лидера, Первого Президента – Елбасы является законодательное оформление государственной границы. Этот международный акт стал надежной юридической и политической гарантией Независимости нашей страны. Казахстан привержен своим обязательствам в рамках международных организаций и на двустороннем уровне. Яркое свидетельство эффективности такого подхода – признанное лидерство Елбасы в глобальном антиядерном движении.

Высокую оценку международного сообщества получило действенное посредничество в урегулировании различных межгосударственных и гражданских конфликтов. Востребованной на глобальном уровне оказалась инициатива Елбасы по проведению регулярных Съездов лидеров мировых и традиционных религий. Своеобразной визитной карточкой казахской дипломатии стал уникальный форум – Совещание по взаимодействию и мерам доверия в Азии. Показателем результативности внешней политики Казахстана явилось председательство в ОБСЕ в 2010 году и непостоянное членство в Совете Безопасности ООН в 2017-2018 годах. Можно с уверенностью сказать: за годы Независимости в Казахстане была создана прочная основа социально-экономического развития в новых исторических и геополитических условиях. Преодолев мировые финансово-экономические потрясения последних десятилетий, успешно противостоя невиданной ранее пандемии, мы, граждане Республики Казахстан,  продолжаем двигаться вперед, уверенно смотрим в будущее.

Тридцать лет Независимости – это целая эпоха. Это эпоха упорного преодоления тяжелейших трудностей и испытаний, эпоха, сравнимая с протяженной тернистой дорогой в неизведанное. Это эпоха созидания, по своим достижениям и значению ставшая поворотной в истории нашего народа. Поэтому от имени граждан нашей страны хочу выразить Нурсултану Абишевичу Назарбаеву сердечную благодарность за его титанический труд в деле строительства Независимого Казахстана!

По мере развития и укрепления Независимости наш народ все глубже осознает ее бесценное, сакральное значение как нашего вечного достояния. Наша святая обязанность – сохранить Независимость для будущих поколений, которым предстоит превзойти наши достижения. Нынешнее поколение руководителей страны сделает все возможное, чтобы открыть, прежде всего для молодежи, широкие перспективы всестороннего роста в различных областях общественной жизни.

Құрметті қауым!

Біз жаңа Қазақстанның негізін қалап, іргесін кеңейтуге бүкіл халық болып  жұмылдық. Еліміздің өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыз өз үлесін қосты. Біздің барлық жетістігіміз – түрлі кәсіп иелерінің  ерен еңбегінің жемісі. Ұстаздарымыз ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жаңа белеске жол ашты. Дәрігерлеріміз ұлт саулығы үшін барлық күш-жігерін салып еңбек етті. Әсіресе, пандемия кезінде адам өміріне араша түсіп, індетпен аянбай күресті. Әскери қызметшілер ел шебін қас қақпай күзетті. Тәртіп сақшылары тыныштығымызды, қауіпсіздігімізді қорғады. Төтенше жағдай қызметкерлері қатерден қаймықпай, талай жанды аман сақтап қалды. Зиялы қауым мәдениетімізді байытып, ғылыми әлеуетімізді арттырды. Мемлекеттік қызметшілер халыққа қызмет етіп, елдігіміздің тұғырын бекіте түсті. Құрылысшылар миллиондаған шаршы метр үй, мыңдаған шақырым жол салып, өрісімізді кеңейтті. Диқандар дән егіп, шопандар төрт түлігін өргізіп, ырысымызды көбейтті. Мұнайшылар қара алтын өндіріп, қазынамызды байытты. Кеншілер жер қойнауын игеріп, игілігімізді еселеді. Өнерпаздар әлемді мойындатып, Тәуелсіз Қазақстанды жер жүзіне танытты. Спортшылар дүбірлі додаларда туымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелетті. Кәсіпкерлер өндіріс орындарын ашып, жұртты жұмысқа тартты. Еңселі ел болуымызға барлық саланың, түрлі мамандықтың өкілдері және барша азаматтарымыз бір кісідей атсалысты. Түптеп келгенде, Тәуелсіздікті нығайту дегеніміз – елге пайдасы тиетін нақты жұмыстарды жүзеге асыру. Қазақстан сіздердің жасампаз еңбектеріңіздің арқасында зор жетістікке жетті. Мен осы мерейлі сәтте Тәуелсіздігімізді нығайтуға қосқан үлесі үшін  дүйім жұртқа алғыс айтамын!

Дорогие соотечественники!

30-летний юбилей Независимости – это время подведения итогов и осмысления уроков пройденного пути. Народ Казахстана в полной мере воспользовался историческим шансом, успешно построив суверенное государство. Однако в условиях новых глобальных и региональных вызовов для приумножения достижений Независимости нам следует удвоить и даже утроить усилия. Другими словами, почивать на лаврах ни в коем случае нельзя. Предстоит напряженный каждодневный труд буквально во всех сферах социально-экономической жизни.

Чтобы наши усилия были продуктивны, мы должны расширять горизонты развития нации и иметь четкое представление о перспективах будущего нашего государства. Важно реально оценивать свои возможности, действовать максимально прагматично с учетом фундаментальных интересов страны. Перед нами стоят новые задачи, касающиеся повышения качества жизни граждан. Мы будем четко следовать основополагающему принципу «не человек для государства, а государство для человека». С большими надеждами наше общество восприняло концепцию «Слышащего государства». Поэтому государственные служащие должны приложить максимум усилий, чтобы оправдать ожидания и учесть пожелания каждого гражданина. Исполнительная власть, включая руководителей регионов, городов, районов, обязана упорно и продуктивно трудиться на благо народа. Наша главная цель состоит в том, чтобы все граждане Казахстана ощущали на себе практическую пользу от экономического развития, потому что для людей важны реальные блага. Ведь успех страны складывается из успеха каждого ее гражданина. Как известно, мир вступил в эпоху кардинальных перемен. В условиях растущей геостратегической турбулентности, давления внешних факторов нам нужно сохранить и укрепить наше великое достояние – единство народа. Наш народ известен всему миру своей религиозной, культурной, языковой толерантностью. Обязанность государства – культивировать это ценнейшее качество среди молодежи, которую следует воспитывать в истинно патриотическом, интернациональном духе. 

Қазақстандағы тыныштық пен тұрақтылық үшін, ең алдымен, ел иесі – қазақ халқы – жауапты.  Осыны  жете түсінетін кез келді. Біз әрдайым кеңпейіл болып, өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытуымыз керек. Сонда ғана берекелі бірлігімізді сақтап, тату-тәтті өмір сүреміз.

Казахстан никогда не стоял на месте, наша страна всегда была на марше, осуществляя необходимые преобразования и реформы. Теперь же перед нами стоит задача оперативного строительства экономики будущего. Ее основой станут новые технологии, искусственный интеллект, высокая производительность труда, творческая инициатива. И в этой работе решающее слово именно за молодежью. Государство в своих действиях всегда будет опираться на ответственных граждан, целенаправленно развивая конструктивный диалог и сотрудничество внутри общества. Мы продолжим последовательную политическую модернизацию, но не допустим социального антагонизма, скатывания в популизм, дестабилизации внутренней ситуации. В стране должен царить закон как твердая основа гармонии и порядка. В предстоящем десятилетии ключевым приоритетом государственной политики будет улучшение экологии. Казахстан усилит всестороннее внедрение цифровых технологий. Нам нужно и дальше укреплять в обществе дух и практику предпринимательства, не словами, но делами подтверждать реноме нации созидателей.

Қазақстанның жиырма, отыз жылдан кейінгі болашағы еліміздің әрбір азаматына, яғни әрқайсымызға тікелей байланысты. Бұл – айрықша тарихи маңызы бар мәселе. Алдағы онжылдық Отанымыздың жаңа белеске көтерілетін кезеңі болады деп сенемін.

Бүгінгі ауқымды жоспарларымыз жүзеге асып, толағай табысқа жетеріміз анық. Тұңғыш Президентіміз ұзақмерзімді стратегиясында еліміздің бағыт-бағдарын айқындап берді. Біз осы бағдарды ұстанып, Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Мұның бәрі мемлекетімізді түбегейлі жаңғыртуға, экономикамызды жан-жақты дамытуға және жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтуға арналған.  

Недавно Нурсултан Абишевич Назарбаев очень емко сформулировал «Семь столпов государственности». Эта своеобразная ценностная матрица нашей нации близка и понятна каждому гражданину. Представленный свод фундаментальных принципов послужит важнейшему делу консолидации нашего народа во имя новых свершений.

Елбасымыз жуырда жариялаған мақаласында Тәуелсіздіктің мән-маңызы мен қадір-қасиетін барынша ашып көрсетті. Егемендік жолымыз бүгін де жалғасуда. Осы күрделі жолда кедергілер, қиыншылықтар аз болмасы анық. Оны еңсеруге біз бәріміз әрқашан дайын болуымыз қажет. Осы тарихи шындықты, жауапкершілікті терең сезіне білуіміз керек. Бұл ұстаным мемлекеттік стратегиямыздың өзегіне айналуға тиіс. Сонда ғана ел бірлігі, татулығы нығая бермек.

Только вместе мы сможем построить эффективное государство и справедливое общество. Только вместе мы обеспечим последовательный рост благосостояния всех граждан. Только вместе мы возвысим здание нашей священной Независимости, укрепим суверенитет и влияние нашей страны в стремительно меняющемся мире.

Құрметті қауым!

Тарихи уақыт өлшемімен қарағанда  отыз жыл деген – қас-қағым сәт. Ал, өткен оқиғалар тұрғысынан бағаласақ, ғасырларға татитын мерзім.  Қазақстан халқы үшін бұл – азаттық жылнамасының тұтас дәуірі.

Жарқын болашағымызға жол салған ұлы жетістіктер кезеңі. Енді Тәуелсіздіктің  төртінші онжылдығына қадам басқалы тұрмыз. Бұл кезең бізге жаңа міндеттер жүктейді. Мемлекеттігімізді одан әрі нығайтып, халқымыздың әл-ауқатын арттыра түсуіміз керек. Сондықтан, барлық саладағы реформаны міндетті түрде жалғастыра береміз. Ең бастысы, бейбіт өмірді, тыныштық пен тұрақтылықты  сақтай білуіміз қажет. Сонда азаматтарымыз Тәуелсіздіктің игілігін әрдайым сезінетін болады. Біздің мақсатымыз – осы.

Бабаларымыз ғасырлар бойы Тәуелсіздікке жету үшін күрессе, ендігі ұрпақ Тәуелсіздікті қорғап, нығайту үшін күреседі. Біз бүгінгі елдік істерді жастарға аманаттаймыз. Қазіргі ауқымды жұмыстың бәрі  жарқын болашақ үшін жасалуда. Егемендік кезеңінде ойы азат, рухы биік Тәуелсіздік перзенттері  өсіп-жетілді. Шын мәнінде, олардың әлеуеті өте зор, мүмкіндіктері орасан. Өскелең ұрпақ аға буынның тәжірибесін пайдаланып, біздің үмітімізді ақтайды деп сенемін. Жолдарыңыз кедір-бұдырсыз болмайды, сондықтан, көп білім алып, рухани жағынан байып, нағыз азамат ретінде қалыптасу керек.

Уақыт тынысын дөп басып, заман талабына бейімделе білген жұрт ешқашан ұтылмайды. Кез-келген сынаққа дайын тұрады. Біз күш-қуаты мен қарым-қабілеті сай кемел халық болуымыз керек. Күнде өзгеріп жатқан құбылмалы кезеңде бұл мақсатқа жету күрделі екені анық. Қазір әлемге тұрақсыздық факторлары әсер етуде.  Оның үстіне, пандемияға байланысты жаңа сын-қатерлер пайда болды. Бірақ, жұртымыз қиындықтың бәрін еңсере алатынына сеніміміз зор. Себебі, тұғыры мызғымас мықты мемлекетіміз бар.

Даму жолымызды нақты нұсқап тұрған стратегиялық мақсаттарымыз бар. Еліміз өзінің сара жолынан айнымай, алға қадам баса береді.  Біз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Осы баға жетпес құндылығымызды қастерлеп, қуатты Қазақстанды дамыту үшін бәріміз жұмылып, бір ел болып аянбай еңбек етейік.

Жалпыұлттық мерейтойымыз құтты болсын! 

Еліміздің абыройы асқақтап, беделі биіктей берсін!

Елбасымыз аман болсын!

Қазақстанымыз мәңгі болсын!

07.12.2021

Павлодар облысы мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Деструктивті діни ұйымдарға балаларды тартудың алдын алу» тақырыбындағы  семинар.

30.11.2021

2021 жылғы 30 қарашада ZOOM платформасында облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, діни дін өкілдері үшін «Қазіргі радикализм – ұлттық және рухани қауіпсіздікке төнген  қауіп»  тақырыбында оқыту семинары өткізілді.

16.11.2021

2021 жылдың 16 қарашасында Ақпараттық-ақпараттық жұмыс бөлімінің басшысы З.Асанбаева аграрлық-техникалық колледж студенттері үшін ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

12.11.2021

2021 жылдың 11 қарашасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.Асанбаева және орталықтың сарапшы-теологы Ж. Бердімұратов түсті металлургия колледжінің және «Жаяу Мұса атындағы  Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің» студенттері үшін ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

02.11.2021

2021 жылдың 30 қазанында Павлодар қаласында дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен діндар жастар арасында шағын футболдан жыл сайынғы турнир өтті.

29.10.2021

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Д.Зәкәриянов Шарбақты ауданына жұмыс сапары аясында жағымды миссияны орындау үшін-Гарофало приходының ректоры Мэтью Джеймске ҚР АҚДМ дін істері комитеті Төрағасы Е.Нүкежановтың Алғыс хатын табыстау үшін «Мария - христиандарға көмек» Рим – Католик приходына барды.

26.10.2021

2021 жылдың 26 қазанында орталықтың сарапшы-теологы Ж.К. Бертымуратов ZOOM алаңында облыстық полиция департаментінің қызметкерлеріне арналған профилактикалық семинар өткізді.

20.10.2021

2021 жылғы 20 қазанында Павлодар қаласының №24 ЖОББМ 9-10 сынып оқушылары үшін ақпараттық-тусіндіру жұмысының басшысы З. Асанбаева және инспектор Р. Мажитов ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

18.10.2021

2021 жылдың 18 қазанына Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтілді. Бұл күн қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді одан әрі қолдау және арттыру мақсатында ұлты мен дініне қарамастан барлық азаматтарды біріктіруге арналған.

Беттер