Орталықтың жаңалықтары

5 сәуір күні Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобымен кездесу өтті. РАТТ мүшелерімен кездесуге дін істері басқармасының басшысы Д.Зәкәриянов, басқарма қызметкерлері, облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің инспектор-теологтары және «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ мамандары қатысты.

2021 жылғы 1 сәуірде Орталық мамандары Май ауданында Open Air өткізді.Көктөбе ауылының тұрғындарына  жалған дін ағымдардың ықпалына қалай түспеу  туралы, сенім телефоны  және т.б. жайында  ақпарат  жарияланған   буклеттер, кітапшалар таратылды.    

2021 жылғы 1 сәуірде «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы»  КММ ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаева және сарапшы-теолог А. К.Қылышев Май ауданының Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне семинар өткізді.

А.ж. 31 наурызда басқарма басшысы Д. Закарьянов «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ (КҚТДО) басшысы Г. Раздыкова және КҚТДО теологы Ю. Бертымұратовтың қатысуымен Баянауыл ауданының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының  мүшелері үшін семинар өткізді.

А.ж. 23-25 наурыз аралығында  Орталық басшысы Гүлназ Раздыкова мен Әсел Игубаева  Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Алматы қаласында Internews іске асыратын «Орталық  Азияда  радикалдануға және  жалған ақпаратқа  тұрақтылықты күшейту» жобасының  «Үш.нүкте.Фест»    бейбітшілікті  құру бойынша өңірлік  фестивалінде сөз сөйлеуге шақырылды. 

А.ж. 18 наурызда Екібастұз қаласында Екібастұз қалалық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті.

А.ж. 4 наурызында дін істері басқармасының басшысы Д.К. Закарьянов және КҚТДО ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.О. Асанбаева №1 ЖОББМ 9-11 сыныптарына «интернеттен діни білімді іздеу қаупі» тақырыбына семинар өткізді.

Бүгін, 3 наурызда, республиканың барлық өңірлерінде «Стратегиялық сессияларды» өткізу аясында Дін істері комитетінің төрағасының орынбасары Ануар Хатиев Павлодар облысының Дін істері басқармасы мен «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» мәселелерді зерттеу орталығы» КММ басшылығы және қызметкерлерімен кездесті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет Басшысы Қ. Тоқаевтың бастамасымен ағымдағы жылдың 10 ақпанында «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталды. Бұл жоба еліміздің азаматтарын мейірімділікке үндеп, қайырымдылық істер жасауға шақырады.

Ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Асанбаева З.О. және сарапшы-теолог Бертымұратов Ж.Қ. қазіргі заманғы діни экстремизм мен терроризмнің өзекті мәселелері, оның ішінде жасөспірімдер мен жастар ортасында интернет ресурстары арқылы тарту қауіптілігі туралы айтып берді.

Беттер