Орталықтың жаңалықтары

Бойжеткендер мен әйелдердің «Инабат» клубында «Қазақтың ұлттық қолөнері»шеберлік сыныбы өткізілді. Іс-шараны Павлодар облысының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Ақмешіт» қалалық мешітінің ұстаздарымен бірлесіп ұйымдастырды.

Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің студенттерімен кездесті. Колледж жатақханасында ұйымдастырылған кездесуге әр түрлі курстарынан  және топтарынан  студенттер қатысты.  

Павлодар облысының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы жанындағы «Инабат» клубында ұлттық стильде жастықтарды дайындау бойынша шеберлік сыныбы өтті.                                                     

Павлодарда алғаш рет Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мұсылман қыздар арасында волейболдан турнир өтті. Іс-шараны Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы мен Павлодар қаласының «Ақмешіт»  қалалық мешіті ұйымдастырды.

«Қазақстан алюминийі» АҚ зауытының қауіпсіздік қызметі – «Тарлан Секьюрити» ЖШС-нің жүзден астам қызметкері экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша оқудан өтті.

Павлодарда атақты теолог, республикалық ақпараттық –насихаттау тобының  сарапшысы, Қарағанды қалалық  «Әл Машани»  мешітінің имамы  Қабылбек Әліпбайұлымен кездесу өтті.  Іс - шараны ұйымдастырушылар-Конфессия-аралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы және Павлодар облысының   «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті.

Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Парасат» консультативтік-әдістемелік орталығының директоры, дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Индира Беркімбаевамен жастар аудиториясы арасында бірқатар кездесулер ұйымдастырды.

Экстремистік және террористік ұйымдардың торына қалай түспеу керек? Неге қоғамда зайырлылық пен төзімділік принциптерін сақтау маңызды. Осы және басқа да сұрақтарға павлодарлықтарға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшылары жауап берді.

Ақсу қаласында  мектеп директорларына, сынып жетекшілеріне және психологтарға арналған «Жастар арасында толеранттылықты қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбына семинар-практикум өтті.  

Павлодарда Рухани келісім күніне арналған шығармашылық фестиваль өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы - Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы.

Беттер