КҚТДО ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаева және орталықтың теологі Ж.Қ. Бердімұратов ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2033 әскери бөлімшесі басқармасының жеке құрамы үшін «Антирадикалдық иммунитет – діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұрудың негізі» тақырыбына семинар өткізді.
Орталықтың жаңалықтары
|
Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері Павлодар қаласы мектептерінің және колледждерінің оқушыларымен профилактикалық жұмысты тұрақты жүргізіп келеді. |
11 және 15 ақпанда КҚТДО ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаева және орталықтың инспекторы Р.К. Мәжитов Павлодар түсті металлургия колледжінің студенттері, сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы бойынша оқытылып жатқандар үшін екі семинар өткізді. |
Облыс дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері адамдар көп жиналатын орындарда деструктивтік діни идеялардың алдын алу бойынша "Open air" форматында облыс орталығының тұрғындарына кітапшалар мен буклеттер тарату жұмыстарын жалғастыруда. |
Бүгінгі күні терроризмнің және экстремизмнің алдын алу мәселесі аса өзекті болып отыр. Әлемде болып жатқан соңғы оқиғалар татулық пен төзімділіктің қандай әлжуаз, әлсіз болатындығын көрсетті. Біздің еліміз де осындай сыннан тыс қалған жоқ. Өңірімізде діни экстремизмнің және терроризмнің, ксенофобияның және төзімсіздіктің алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы әңгімелейді. |