Орталықтың жаңалықтары

Аталмыш тақырып аясында дәл бүгін «Нұр Отан» партиясы Ақсу қалалық филиалы мәжіліс-залында түрлі діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен мән-мағыналы кездесу шарасы өтті. Бұл кездесуге қаланың әртүрлі мектептерінің оқушылары, Жаяу Мұса және қара металлургия колледждерінің студенттері, жасыл ел мен жасотандық белсенді жастар қатысты.

А.ж. 24 шілдеде Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. №1 облыс перинаталдық орталықтың медициналық персоналына «Деструктивті культтар – қазіргі қоғамның қаупі» тақырыбына семинар өткізді.

2017 жылғы 20 шілдеде бас сарапшы-теолог Бердімұратов Ж.Қ. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының қызметкерлері үшін «Дәстүрлі және радикалдық діни танымдардың арасындағы айырмашылық» тақырыбына семинар өткізді.

Радикалдық діни қауымдастықтардың пайда болуын, дәстүрлі емес  діндер қызметтері алаңының кеңеюін, шетелдік миссионерлік қозғалыс ықпалының артуын және сектанттық  ұйымдар базасының, әсіресе жастар есебінен, артуын  Қазақстандағы  қазіргі діни ахуалдың неғұрлым өзекті үрдістері деп қарау қажет.

Біз, «Жастарды деструктивті діни ықпалдан қорғау – біздің ортақ міндетіміз» тақырыбына 2017 жылғы 14 маусымда Павлодар қаласында өткізілген дөңгелек үстелге қатысушылар, отырыста талқыланған мәселелердің уақтылы және аса қажеттілігін атап көрсетеміз.

Ағымдағы жылғы 12 маусымда Павлодар қаласының «Қазпошта» мекемесі базасында облыс жастар саясаты жөніндегі басқармасының жастар бастамаларын дамыту орталығы кезекті «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін» өткізді.

Ағымдағы жылғы 9 маусымда облыс жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығында экономика және құқық мамандықтарының түлектері үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл  - бүгінгі Қазақстандағы бірінші кезектегі маңызды мәселе. Қазақстан өзін зайырлы мемлекет деп жариялағанымен, үкімет діни қарым-қатынастарды реттеу мәселелерінен тыс қала алмайды, өйткені еліміздің тыныштығы мен сәттілігі осыған тәуелді.

Жыл сайын конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні құрметіне балалар мерекесін өткізеді.

2017 жылғы 23-25 мамырда Стамбул қаласында жастар Еуропа және Орталық Азия өңірлеріндегі бейбітшілік пен қауіпсіздік тақырыбына консультация және диалог өткізілді. Іс-шараны UNFPA (БҰҰның халық саны саласындағы қоры), UNDP (Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы) ұйымдастырды. Консультациялар жұмысына Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы діни экстремизм құрбандарын оңалту бөлімінің инспекторы Мұстафина Жанна қатысты.

Беттер