Орталықтың жаңалықтары

Ағымдағы жылғы 18 мамырда облыс жастар саясатының мәселелері жөніндегі басқармасының Жастар бастамаларын дамыту орталығында ЖОО-ның және Павлодар қаласы колледждерін бітірушілер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізді.

Радикалдық діни қауымдастықтардың пайда болуын, дәстүрлі емес діни сенімдер алаңының кеңеюін, шетелдік миссионерлік қозғалыс ықпалының күшеюін, сектанттық ұйымдардың әлеуметтік базасының, әсіресе жастар есебінен өсуін Қазақстандағы қазіргі діни ахуалдың дамуындағы неғұрлым өзекті үдеріс ден тану қажет.

Терроризм – діни емес, әлеуметтік құбылыс. Алайда көптеген жағдайларда террористер өз мақсаттарын діни ұрандармен бүркемелейді. Олар діни парыздардың мазмұнынын бұрмалап түсіндіргендіктен, белгілі тұлғалардың діни терроризм туралы тұжырым жасауларына себеп болады.

2017 жылғы 11 мамырда Орталықтың инспекторлары нашақорлықтың медициналық-әлеуеттік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы пациенттері үшін «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбына семинар өткізді.

2017 жылғы 12 сәуірде КҚТДО қызметкерлері Мичурин ауылындағы «Асар» әлеуметтік оңалту орталығының пациенттері үшін семинар-тренинг өткізді.

Сәуір айында КҚТДО қызметкерлері Павлодар көлік және коммуникациялар, медицина колледждерінде, Павлодар бизнес-колледжінде, Павлодар қ. Балалар ауылында оқып жатқан жастар мен балалар үшін «Деструктивтік культтердің ықпалына қалай түспеу керек?» тақырыбына тренигтер өткізді..

Ағымдағы жылғы 28 сәуірде «Достық Үйінде» Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастырумен «Зайырлылық - қазақстандық қоғамда тұрақтылықты сақтаудың факторы ретінде» тақырыбына облыс дінтанушыларының I Форумы өтті. Форумның жұмысына «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ директоры, Астана қ., философия ғылымдарының докторы, профессор Әбуов Айдар Парқұлұлы, Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы Зәкәриянов Д.Қ., «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы, теолог, Павлодар қ. «Ақ Мешіт» имамы Бертымұратов Жолдас Қоспақұлы, иерей, Қазақстандағы орыс православ шіркеуінің білім және кахетизация бөлімінің басшысы Жданов А., мемлекеттік органдардың өкілдері және дінтанушылар қатысты.

2014 жылғы 5 мамырда ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. облыс ІІД бірлесіп, № 4 ЖОБМ базасында Павлодар облысы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына, мұғалімдері мен педагогтарына «Заманауи діни экстремизмге және терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимыл» тақырыбына арналған облыстық интернет-конференция өткізді.

2017 жылғы 27 сәуірде Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы Ақсу қаласында профилактикалық іс-шара өткізді. «Діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу» тақырыбына семинар Ақсу қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлеріне (ведомстволық бағыныстағы ұйымдары), дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қызметкерлеріне (ведомстволық бағыныстағы ұйымдары), Павлодар облысы ТЖБ Ақсу департаменті пробация қызметіне (пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға), «Ақсу су арнасы» МҚК қызметкерлеріне және Жаяу Мұса атындағы колледж студенттеріне арнап ұйымдастырылды.

Белгілі қазақстандық ғалым, дінтанушы, «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ директоры А.П.Әбуовтің, облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәрияновтың, конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаеваның, орталықтың теологы Р.Ж. Чингужановтың қатысуымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының базасында дөңгелек үстел өткізілді.

Беттер