Орталықтың жаңалықтары

Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының әлуметтік зерттеу сайтында 2016 жыл бойында тоқсан сайын «Павлодар облысындағы қазіргі діни ахуал» тақырыбына әлеуметтік зерттеу өткізілді. 

Ағымдағы жылы 20 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары М.М.Бегентаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

2016 жылғы 15 желтоқсанда «Астана» сауықтыру орталығында сенуші жастары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үстел теннисі бойынша турнир өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 2016 жылғы 14 желтоқсанда «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС Павлодар қаласы жергілікті діни бірлестіктерінің басшыларын шақырып, бейресми жағдайда шай дастарханы басында дәстүрлі кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде Павлодар облысы дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар саласындағы өзекті тақырыптарды үздік жариялауға журналистер арасында конкурс өткізді.

2016 жылғы 12 желтоқсанда Павлодар облысы дін істері басқармасы конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері, ақпараттық-түсіндіру бөлімінің басшысы Асанбаева З.Ө. және теолог Чингужанов Р.Ж. Павлодар бизнес колледжінің 1-курс студенттерімен «Қазіргі заманғы  діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» тақырыбына кезекті алдын алу кездесуін өткізді.

Павлодар облысы білім беру басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Болашағымыз – бірлікте» атты іс-шара өткізді. Жасөспірімдердің бойынша діни иммунитетті қалыптастырудағы зор үлесі үшін Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы «Үздік серіктес» номинациясымен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 1 курс студенттері үшін «Әбу Ханифа және қазақтың дәстүрлі мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ағымдағы жылдың 16 қарашасында Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Адасқандар» спектаклінің көрсетілімі өтті. Оған Павлодар облысының әкімі Б.Бақауов, ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қатысушылары, ЖОО студенттері мен Павлодар қ. оқушы жастары, ӘТМ курсанттары шақырылды.

«Заманауи терроризм. Жаңа сындар және қауіп-қатерлер: теория мен практика» тақырыбына ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы шеңберінде Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжде қалалар мен аудардардың ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, облыс колледждері мен мектептері дінтану пәндерінің мұғалімдері, мұсылман діни қауымдастығының өкілдері үшін семинар өтті.

Беттер