Жарияланымдар

19.04.2016

18 сәуір күні  Павлодар қалалық «Достық үйінің» мәжіліс залында  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі,  облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп»  мешітінің ұйымдастыруымен жалпы бұқараның қасиетті дініміз  Ислам туралы білімін арттыру мақсатында «Ислам және зайырлы қоғам» атты облыстық семинар-конференция болып өтті.

16.03.2016

2016 жылғы 16 наурызда С. Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетінде  конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы  Павлодар облысы дін істері басқармасының қатысуымен  «Қазақстан Республикасының конфессияаралық қарым-қатынастар  саласындағы саясаты» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. 

18.02.2016

2016 жылғы 18 ақпанда облыстық инфекциялық аурухана қызметкерлері үшін тұрғындарды дәстүрлі емес діни ағымдарғы тартудың алдын алу бойынша семинар өткізілді.

18.02.2016

Павлодар қ. № 25 ЖББМ 17 ақпанда «Жастар арасында діни экстремизмді алдын алу» тақырыбына 9 класс оқушыларының, тарих және дінтану пәндерінің мұғалімдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті. Диалогқа облыс дін істері басқармасының басшысы Д.Қ. Зәкәриянов пен Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының теолог-маманы Р.Ж. Чингужанов қатысты.

17.02.2016

КҚТДО ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаева және орталықтың теологі Ж.Қ. Бердімұратов  ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2033 әскери бөлімшесі басқармасының жеке құрамы үшін «Антирадикалдық иммунитет – діни экстремизмге және терроризмге қарсы тұрудың негізі» тақырыбына семинар өткізді.

16.02.2016

Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері Павлодар қаласы мектептерінің және колледждерінің оқушыларымен профилактикалық жұмысты тұрақты жүргізіп келеді.

16.02.2016

11 және 15   ақпанда КҚТДО  ақпараттық-түсіндіру  бөлімінің басшысы З.Ө. Асанбаева  және орталықтың инспекторы Р.К. Мәжитов  Павлодар түсті металлургия колледжінің студенттері, сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы бойынша оқытылып жатқандар  үшін  екі семинар өткізді.

16.02.2016

Облыс дін істері басқармасының конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері  адамдар көп жиналатын орындарда деструктивтік діни идеялардың алдын алу бойынша "Open air" форматында облыс орталығының тұрғындарына кітапшалар мен буклеттер тарату жұмыстарын жалғастыруда.

11.02.2016

Бүгінгі күні терроризмнің және экстремизмнің алдын алу мәселесі аса өзекті болып отыр. Әлемде болып жатқан соңғы оқиғалар татулық пен төзімділіктің қандай әлжуаз, әлсіз болатындығын көрсетті. Біздің еліміз де осындай сыннан тыс қалған жоқ. Өңірімізде діни экстремизмнің және терроризмнің, ксенофобияның және төзімсіздіктің алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы әңгімелейді. 

Беттер